Қайрат Нұртас халыққа төрт баласын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Наурыз мерекесі қарсаңында, Қайрат Нұртас жанұясының әр мүшесін дүйім жұртқа жақынырақ таныстыруды жөн деп шешкен. Елордада отбасылық шоу ұйымдастырған ол, кеште ата-анасы, жұбайы, інісі және төрт баласымен өнер көрсетіпті. Концерт барысында әншінің тұңғышы Сезім күйсандықтың құлағында ойнаса, екінші қызы Алау заманауи би қойылымдарымен көрерменді тәнті еткен.  

Қайрат пен Жұлдыздың қызы бұл шоуға бірнеше ай бұрын арнайы хореографтармен дайындалған. Сонымен қатар, көпшілік көптен күткен кеште өнер көрсеткен хитменнің Хан есімді кенжесі де, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Ал, әншінің Нарұл атты ізбасары отбасылық концертте әкесімен қосыла ән шырқаған...