Жеті қарсыласын құлатқан Асылжан Бақытжанұлы мамырда жеңе ме?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жет бірдей қарсыласын құлатқан Асылжан Бақытжанұлы, бүгінде елдегі елеулі аралас жекпе-жек өкілдерінің бірі. Жартылай ауыр салмақта айқасатын жерлесіміз, енді мамырдың бесінші жұлдызында Мәскеуде сегізбұрышқа шықпақ. Спортшы өз дайындығы жайлы Серік Ноянбайұлымен бөліскен еді...

Бүгінде АСВ промоушенінде өз салмағындағы үздік 5 спортшының тізімінде тұрған Асылжан Бақытжанұлы, көктемдегі жекпе-жегіне қызу дайындық үстінде. Ол 5-мамырда Мәскеу төрінде әлі ешкімнен жеңілмеген, қазақстандық нокаутшы деген атағын қорғауға тырысады. Қарсыласы әзірге белгісіз! 

Асылжан Бақытжанұлы, «Alash Pride FC» жекпе-жек өкілі:

–Қарсыластың деңгейі жоғары болғанын қалаймын, себебі сен әр жекпе-жек сайын, спортшы ретінде өсу керексің.

Келесі қарсыласым кім болса да, тас-түйін дайынмын деген Асылжан, жеңіске бастар жолды үнемі бапкерімен бірлесе іздейді екен. «Алаш Прайд» жауынгері, менсінбеушілік немесе асығыстық жасауды сегізбұрыш кешірмейтінін айтады.  

Асылжан Бақытжанұлы, «Alash Pride FC» жекпе-жек өкілі:

–Қарсыластың жекпе-жектерін қараған кезде, барлық жағынан зерттейміз оны, физикалық, кардио және техника жағынан да ескереміз, сосын жоспар құрамыз.

Асылжан, соңғы айқасында ресейлік Муслим Махмудовты уақытынан бұрын жеңген. Мәскеуде өтетін АСВ турнирінде де оған оңай болмасы анық. Себебі, сол күні сегізбұрышқа шығатын ММА өкілдері UFC-ге бергісіз спортшылар. «Сақ» деген лақабы бар жерлесіміз, таяуда Тайландтағы дайындықтан оралды. 

Асылжан Бақытжанұлы, «Alash Pride FC» жекпе-жек өкілі:

–Тайландта көбінесе кардио мен спаринг жағына көп көңіл бөлдік. Өйткені, ол жерде спаринг-партнерлар дейді, адамдар көп болды менің салмағымда. Қаланың өзінде дайындалам, сол бізде кросс, тауда жүгіреміз, аптасына екі-үш рет, өз бапкеріммен, жігіттер көмектеседі.

5-мамырдағы Мәскеудегі бұл турнирде Арман Оспанов, азулы Акоп Степанянға қарсы айқаспақ. Соңғы жекпе-жегіндегі жеңісін төрешілерге ұрлатқан «Сұңқар», бұл жолы «Мергенді» айқын жеңеді деп сенеді жанкүйерлері!