AmFAR қайырымдылық шарасы аспан асты елінде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, Қытайда AmFAR қайырымдылық шарасы әлемдік жұлдыздардың  басын қосты. Көмекке зәру жандардың қамын күйттеген бұл кеште, «Victoria's Secret’ сұлуларымен кездесу» сынды ерекше лоттар бәссаудаға түскен көрінеді.

Тарихы отыз жылдан асқан AmFAR қайырымдылық шарасы, бұл жолы Қытай елінінің төрінде өткізілді. Сондықтан да, голливудтық жұлдыздарға қызыл кілемді азиялық өнерпаздарымен бөлісуге тура келген.

Ву Чун, актёр

-Аталмыш кешке бірінші рет келуім, шынымды айтам қатты қобалжып тұрмын.

Алессандра Амбросио, сәнқой:

-Гонкконгта өткізіліп отырған қайырымдылық шарасына алғаш рет қатысуым. AmFAR - Спидке қрасы екпе ойлап табуға бағытталған керемет ұйым. Және мен осындай шараның бір бөлшегіне айналғаныма қуаныштымын.

Көмекке зәру жандарға қол ұшын созуды көздеген кеште, Кайли Миноуг өз өнерін ортаға салса, «Victoria's Secret’сұлуларымен кездесу» сынды ерекше лоттар бәссаудаға түсті.

Шанина Шэйк, сәнқой:

-Барлығымыз жұдырықтай жұмылып, жинаған қаражатымыз СПИД дертін зерттеп, емін табуға жетсе екен деймін.

Игі мақсатты күйттеген «Victoria's Secret’ періштелердімен жүздесу» қаншаға бағаланғаны белгісіз. Алайда, аталмыш кеш барысында басы-қасы 11 миллион доллар жиналған.