Әли Оқапов украиндық әнші Иван Дорнға ренжулі ме?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаңашылдыққа және шығармашылық өзгерістерге жаны құмар Әли Оқапов, Иван Дорнға аздап ренжулі секілді. Себебі, украиндық орындаушы оның алдын орап кеткен көрінеді. Бұл жағдай қалай болды? Жауабын тілшіміз әншінің өзінен сұрап білді.

Жақында ғана жарық көрген Ғалымжан Молданазар мен  Иван Дорнның ортақ туындысы, тыңдарманның таңданысын тудырған еді. Қалың көпшілік қазақ пен украин тілдерінде шырқалған дуэтті оң қабақпен қабылдады. Алайда, Әли Оқапов Ғалымжанмен шетелдік әнші емес, әуелі өзінің ән жазуы керек болғандығын алға тартады.

Әли Оқапов, әнші:

-Ғалымжан Молданазармен бірге дуэтті, осыдан бірнеше жыл бұрын жоспарлап қойдық та. Ғалымжанның мысалы қазір АҚШ-қа баратын жоспарлары бар, гастрольдері бар. Қайтып оралғаннан кейін өз әнімізді түгел бітіріп жарыққа шығармақшымыз.

Иван Дорн менімен салыстырғанда сөзге емес, бірден іске кірісті деген Оқапов, болашақта өзге де отандық өнерпаздармен ортақ туынды жазуды көздейді. Мәселен, ұсыныс түссе «Найти уандық» мемеберлермен де бір сахнада ән шырқауға қарсы емес.

Әли Оқапов, әнші:

-«Найти уандық» жігіттерді тіпті олар «Найти уан» болмаған кезде де қолдап жүргем жобадан шыққан жас жігіттер ретінде. Мысалы, Ерболат Беделхан менің ұстаздарымның бірі ғой. Олардың музыкасы, шығармашылығы маған өте ұнайды.

Ал, әзірше Әли Оқапов шығармашылығын жалғыз шыңдау үстінде. Өнерпаздың жанкүйерлеріне әзірлеген жағымды жаңалықтары да бар.

Әли Оқапов, әнші:

Жаңа бейнебаянға дайындық үстіндемін. Бұйыртса осы сәуір айында бәрі жоспардағыдай, ойдағыдай болса түсірмекшіміз. Баяу ән емес билейтін ән.