Жас Брэдтің Питтің сирек суреттері табылды

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткенге саяхат! Брэд Питт өз мансабын фотосессиядан бастаған. Бұл ақпараттан оның көптеген жанкүйерлері мүлде бейхабар. Актер де суреттерге түсу арқылы ағашқы ақшасын тапқан екен. Ал, Брэд сері сол фотолары үшін бүгінде ұяла ма?!

23 жасар Брэд Питт қайта оралды. Жастығында танымалдылыққа ие болу үшін, жас актер әр түрлі жолдармен бағын сынап көруден тайсалмаған. Ең алғашқа ашқасын ол ақылы фотосессияларға түсу арқылы тапқан екен. Кейіннен бұл суреттері жариялана бастағанда, Брэд фотоестеліктері үшін талай қызарған деседі. Қанша ұялғанымен, «Тельма и Луиза» фильміндегі рөліне, актер осы фотолары арқылы қол жеткізген. 

Танымалдылыққа ұмтылатындар таусылған ба әсте?! Солардың бірі атақты актер Джуда Лоудың қызы - Айрис Лоу. Ол өз әкесінің жолын қуып, Голливуд әлемін бағындыруды көздейтін көрінеді. Лондонда өткен Mark’s Club (мАркс клаб) шарасында төбе көрсеткен бойжеткен, өзінің сұлулығмен жұртты тәнті еткен. Қазірде 17 жасар Айрис, сән әлемінде тер төгіп жүр. Десе де, бойжеткен әйгілі әкесіне: «өзін актриса ету» туралы өтініштерді жиі айтады екен.

Актер Эд Вествиктің қасықтап жинаған абыройы, шелектеп төгілудің сәл-ақ алдында тұр. «Сплетница» сериалының жұлдызы, Лос-Анджелес прокуратурасының табалдырығын тоздырумен күн өткізуде. «Арулардың арын таптады» деп айтыпталып жатқан Эд, айғақтардың бәрі оған қарсы болса да, кінәсін мойындаудан бас тартқан. Оның үстінен Кристина Коэн мен Орели Уинн сынды актрисалар арызданған болатын.