Артық салмақтан арылу және бұлшық етін өсіру науқаны...

Сообщить о проблеме с эфиром

Көктем мезгілі - адамдар үшін артық салмақтан арылып, дене-бітімін сымбатты етуге қызу кірісетін науқанның хабаршысы секілді. Жазғы шомылу маусымы жетіп, жағажайда жүргенде түр-тұлғаңыз көзтартарлық болсын десеңіз, ертерек қимылдаңыз. Ал, біз екі-үш айда өз-өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын айтып бермекпіз..

Шынықсаң шымыр боласың! Артық салмақтан арылып немесе бұлшық етін өсіруді қалайтындар көктем шыға фитнес орталықтарға ағыла бастайды. Дене-бітімін көз тартатындай сымбатты еткісі келетін қыз-жігіттерге, кәсіби бапкерлер ең басты қағидаларды ұстануды тапсырады.

Азатам Асимов, «Invictus» кешенінің фитнес-бапкері:

–Жаттығуды жаңадан бастаушылар көп қателіктерге ұрынып жатады. Сондықтан, кәсіби бапкермен ең кемінде бір мәрте жұмыс істеңіз. Және де, бұлшық ет өсірудегі нәтиженің 80-пайызы, дұрыс тамақтанудан тұрады. Арықтаймын деп аз жеп-ішу де қауіпті. Бастысы екі-үш ай тыңғылықты дайындалсаңыз, оң өзгерістерді көресіз. Тек ерінбеңіз!

Алматыдағы, «Invictus» фитнес орталығы пайдалы тамақтану мен дұрыс жаттығуды үйрететін кәсіби мамандарымен мақтанады. Спортқа деген ықыласыңыз бұзылмай шынықсаңыз жазғы маусымға дейін оң нәтиже көп күттірмесі анық. Күнделікті күйбең тіршілікке жұтылмай, денсаулыққа да көңіл бөлу маңызды дейді аралас жекпе-жек шебері Асылжан Бақытжанұлы. Оның сөзінше адамның басты жауы – жалқаулық.

 Асылжан Бақытжанұлы, аралас жекпе-жек шебері:

–Оның барлығы сылтау ғой, менің уақытым жоқ, жұмысым бар, оқуым бар... Шыны керек мен де студент болдым, оқу да оқыдым бірақ спортпен әрқашан айналыстым.

Асылжан жекпе-жегіне дайындығынан тыс уақытта аптасына екі-үш мәрте спортзалынан табылады. Қанға сіңіп қалған жақсы әдет те, құмарыңды тарқатуға септік дейді ол. Табысты ер жігіттің бірнеше белгісін де айтты.  

Асылжан Бақытжанұлы, аралас жекпе-жек шебері:

–Егер спортпен шұғылданбасам денем бір қақсап, қатып қалған сияқты болып тұрамын. Әрдайым қан жүгіртіп тұру керекпін. Ер-азамат барлық жақтан өз-өзін дамытуы керек деп ойлаймын. Тек бас қана емес, физикалық тұрғыдан да мықты болуы керек деп ойлаймын.