Оқырмандары ең көп жұлдыздарға кімдер жатады?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Иә, әлеуметтік желідегі парақшаңа тіркелген оқырмандардың саны - сенің танымалдылығыңның көрсеткіші. Бір-бірін басып озу үшін, жарыса фолловер жинайтын жұлдыздар кімдер? Жаңадан түзілген әлемдік рейтинг туралы тілшіміз айтсын.

Фолловері ең көп жұлдыздардың көшін, Селена Гомес 134 миллион оқырманымен бастап тұр. Әншінің өткен жылмен салыстырғанда, табынушысы 2 есеге көбейген. Қалың көпшілікке Селенаның Джастинмен қарым-қатынасын қайта жаңартқаны қызықты болған көрінеді.

Өнер жолында жүрмесе де, атағы асқақтап тұрған аяқдопшы Криштиану Роналду, 123 миллион оқырманымен екінші сатыға жайғасқан. Оның спорттағы және отбасындағы жаңалықтарын, әрдайым білгісі келетін фолловерлардың саны күн санап өспесе, азаяр емес.

Үздік үштікті 118 миллион тіркелушісімен, өзінің ашық-шашық суреттінің арқасында Ариана Гранде түйіндесе, төртінші орынға жайғасқан Бейонсе оқырмандарының саны 113 миллионды құрайды. Джей Зидің жары егіз сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін, көптің қызығушылығы екі есеге артқан.

Әрдайым алдыңғы қатарда жүретін Ким Кардашьян бұл жолы үздік бестікке әзер ілінді. Суретінің өңдеуіне бірнеше сағат жұмсаса да, 109 миллион фолловер жинай алған. Сәнқойдың тізімнің соңында қалуына, соңғы кездері аз белсенділік  танытып жүргені себеп болар.