«Орда» тобына 18 жыл! Бойзбендтің жұмысы неге тоқтап тұр?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Орда» тобының тұсауы тура 18 жыл бұрын, дәл осы сәуір айында кесілген екен. Бірақ, бүгінде бойзбенд мүшелері аталмыш ұжымның жұмысынан гөрі, жеке кәбісін дөңгелетуді құп көретін сияқты. Ал, төрттіктің ендігі тағдыры не болмақ?! 

Есболат Беделхан, «Орда» тобының әншісі, продюсер:

-Біз әрине сирек өнерімізді көрсетеміз. Бірақ «Орда» әлі де жалғасуда. Жұмыстары тоқтап тұр. Өйткені, әрқайсымыздың өзіміздің жұмысымыз бар.

Иә, бүгінде Есболат «Блэк дайл» тобын басқарады. Ағасы Ерболат - атышулы «Найти уан» тобының продюсері.  Ал, Дастан Оразбеков жеке әншілігіне білек сыбана кіріссе, Нұрлан Алымбетов айыр қалпақты ағайындармен Бішкекте бизнеске бет бұрған. Бірақ, «Ордаға» тыңдармандар тарапынан ұсыныс түсе қалса, төрт көзі түгел жиналуға даяр. 

«Орда» тобы тараған жоқ, тек жұмысы тоқтап тұр!» - дейді Есболат. Ал, таныстықтары 20 жылға жалғасқан жігіттердің, бір ұжымда тату-тәтті өнер көрсетуінің сыры – білікті көшбасшыда болса керек.

Есболат Беделхан, «Орда» тобының әншісі, продюсер:

-Әрине, Ерболат! Өнер жағында бәріміз Ерболатты тыңдайтынбыз. Ерболат бізге үйрететін. Оның әндерін барлығымыз жаттап, ән айтып жүретінбіз.

Ал, бүгінгі жас музыкалық ұжымдарда «көшбасшы» ұғымы бар ма?! Кью-поп орындаушылар бір-бірін мойындауға келгенде сараңдық танытқандай болды.

«Black Dial» тобы:

-Бұл жерде біз индивидуалды тұрғыда алатын болсақ та, біз әрқайсымыз өзімізше лидер болуға тырысамыз.

«Newton» тобы:

-Шынымызды айтсақ, біздер төртеуіміз бір лидерміз. Төртеуіміздің төрт түрлі ойымыз бар.

Топта өнер көрсетуде тәжірибесі бар Есболат, көшбасшылық қасиет ерекше қабілетті талап ететінін айтады. 

Есболат Беделхан, «Орда» тобының әншісі, продюсер:

-Лидерлік қасиет деген ол, орысша айтсақ ішкі «стержень». Және өте маңызды қасиеттердің ішінде - адалдық. Өйткені лидер бөлсе, біреуді жақтап, біреуді шеттетсе ол лидер емес.