Жұлдыздар әлеуметтік желіден бас тартуға дайын ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлеуметтік желіге тәуелдімін! Әли Оқапов дәл осындай мәлімдеме жасады. Айтуынша, әрбір 20 минут сайын ғаламторға кірмесе тұра алмайды екен. Ал, өзге өнерпаздар бір сағатын инстаграм, телеграмсыз?

Күні кеше, тілдесудің жаңа құралы - «Телеграм» уақытша істен шығып, халық бір дүрліккен болатын. Ал, аталмыш желі құрастырушысы Павел Дуров болса, бұдан былай келеңсіздік тумайтынын айтып, уәде берген-ді. Орын алған жағдай, жұлдыздар өмірін де айналып өте алмапты.

Әнуар Нұрпейісов, актер:

-Біздің бір жобамыздың чаты телеграмда. Және сол телеграмда біз видео, бейнебаянды немесе фотоматериалдарды жібергенде, қиыншылық туғызылды. Өйткені бізге күрт жарнама жасау керек, бір ақпарат жіберу керек. Әрине ол өзінің ықпалын тигізеді.

Қиын жағдайға тап болып, өкпесін білдірген Әнуар Нұрпейісовқа әнші Әли Оқаповтың айтар өз кеңесі бар:

Әли Оқапов, әнші:

-Чаттардың барлығы құрып кетсе, телефон арқылы ыңғайласып дегендей. Жалпы мен шынымды айтсам тәуелдімін,  әрбір 20-30 минут сайын тексеріп отырамын. Не болғанын немесе маған біреу жазды ма. Жұмыс бабымен ба, әлде қызық үшін бе. Бірақ өшіп қалса да жарайды, басқа да айналысатын шаруам бар.

Әлидің әріптесі Серік Гамза-заде де ғаламторсыз бір сағат, өміріне аса әсер ете қоймайтынын алға тартады. Әнші жігіт күніне «небәрі» 5 сағатын ғаламторға арнайды екен.

Серік Гамза-заде, әнші:

-Күні бойы инстаграмда отыратын адамдардың қатарында емеспін. Күніне 5 сағат қана инстаграмға кететін шығар енді.

Алайда, инстаграмсыз қиналмалмаймын деген өнерпаз, хат алмасу желілерінсіз өз күнін мүлде елестете алар емес.

Серік Гамза-заде, әнші:

-Шетелде менің достарым бар, солар маңызды ақпараттар беріп тұрады, мен үшін. Сол ақпарат маған дер кезінде келмей тұрса, сол ақпаратты мен жоғалтып аламын. Ватсап желісі мен үшін маңызды инстаграмнан гөрі.

Олай болса, әншінің бұдан-былай достарымен байланысы үзілмесін деп тілейміз.