«Рэмпейдж» картинасының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық жұлдыз Дуэйн Джонсон болса, қызыл кілемнен табылды. Лос-Анджделесте, көрермен қауым асыға күткен «Рэмпейдж» картинасының тұсауы кесілді. Режиссер Брэд Пейтонның кезекті картинасы, әйгілі компьютерлік ойынның желісімен таспаланған.

Дуэйн Джонсон, актер:

-Мектеп кезінде, «Рэмпейдж» компьютерлік ойынына сағаттап уақытымды жұмсаушы едім. Видеойындардың ішінде, ол аса ақылды талап етпейтіндердің бірі. Сондықтан, фильмнің сюжеті де тым шиеленіскен емес.

Бұл жолы, джунглиді мекендейтін Дуэйн Джонсонның кейіпкеріне, алып аңдармен арпалысуға тура келеді. Ал, отандық көрермен  шытырман оқиғаға толы фантастиканы 19 -шы сәуірден бастап үлкен экрандардан тамашаламақ.