Әнші Диана Шарапова расымен аты-жөнін өзгертті ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жуырда ғана, Диана Шарапова аты-жөнімді өзгерттім деп, жұрттың таңданысын тудырған еді. Отандық әнші өзін бұдан-былай Динара Шарипова деп атауын өтінген. Шындап келгенде, өнерпаздың мұндай қадамға баруына не түрткі болған? Оқиғаның мән-жайын тілшіміз біліп көрді.

«Жеке ребрендингпен құттықтап қойыңдар, енді мен Динара Шариповамын». Отандық әншінің әлеуметтік желіге жариялаған дәл осы жазбасы, жұрт арасында бірден қызу талқыға түсті. Тіпті, өнерпаздың әріптестері де пікір білдіруде тосылып қалмаған еді.

Серік Гамза-заде, әнші:

-Негізі ол тыңдармандарын құлағында қалып кеткен ат қой, Диана Шарапова деген негізі. Тыңдармандарға қиын болады деп ойлаймын.

Әнуар Нұрпейіов, актер:

-Ат өзгерткенімен, Диананың өзі өзгермейді. Сондықтан, меніңше бұл ақпараттық повод. Мүмкін, сенсация жасағысы келген шығар.

Әнуар Нұрпейісов сезгендей, бұл расымен әрдайым көңілді жүретін Диананың, кезекті әзілі болып шықты. Алайда, әншінінің азан шақырып қойған есімін, өмірде «Динара» деп жұрт жиі шатастырады екен.

Диана Шарапова, әнші:

-Әрине, бұл қалжың болған. Жанкүйерлерімнің осы жаңалыққа бей-жай қарамағаны қуантты. Бірі, өкінішін білдірсе, кейбіреулері «Дианаралар қатарына қосылуыңмен» деген сияқты пікірлер қалдырды.

Атымды өзгерттім деп жаңалық жасаған Шарапованың, одан өзге сүйінші сұрар жағымды хабарлары жетерлік. Соның бірі – су жаңа дуэт.

Диана Шарапова, әнші:

-Роза Қуанышқызымен «Мәңгі көктем» аты әнге дуэт жаздық. Туындының таныстырылымы ретінде, ерекше фотоссесия жасағым келеді. Бейнебаян таспалауды да жоспарлап отырмыз.

Жақында ғана нәрестелі болған Диана, декреттік демалыс кезінде де тыным көрмеген. Уақытымды барынша тиімді пайдалануға тырысыстым дейді ол.

Диана Шарапова, әнші:

-Жүкті кезімде жаңа әндер жазған болатынмын. Қазір толық альбомым дайын. Ішіндегі трэктердің барлығы қазақ тілінде. Электронды музыка. Бұл бағытта бұрын-соңды жұмыс істеп көрмеппін. Тыңдарманға ұнайды деген үміттемін.

Қысқасы, есімімді ауыстырамын деп жұртты елеңдеткен Диана, жанкүйерлерін шығармашылық жаңалықтарымен әлі де таңқалдыруға ниетті.