Шонн Пеннің ұлы есірткімен ұсталды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Атақты Шонн Пеннің ұлы, Хоппер есірткімен ұсталды. Актер онымен қоса жол тәртібін де бұзған көрінеді. Бұл қылығы үшін оның тартар айыбы, жеңіл болмасы анық.

Әкесінің жолын куған Хоппер, кино әлемінде тер төгіп жүр. Жас актер, 8 түрлі картинада бой көрсетіп үлгерген. Алайда, Шонның ересек ұлының есірткіге құмар әдеті де бар екен. Небраска штатында ол жол тәртібін бұзған үшін, полиция қызметкерлеріне ұсталып, кейін көлігінен есірткі табылған көрінеді. Сол үшін голливудтық жұлдыздың ұлы бірден тұтқындалған! Ал, баласының тағдырына алаңдаулы Шонн болса, қолынан келген көмекті беруге дайын.

Болливудтың танымал актері, Салман Кханның жағдайы мәз емес.Үндістан жұлдызы, 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол, «Нас не разлучить» фильмінің түсірілімі барысында, екі бөкенді абайсызда өлтіріп қояды. Қызыл кітапқа енген хайуанаттың қазасы үшін, актер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Салманның өзі, сот шешіміне үзілді-кесілді қарсы.

Ал, актер Дуэйн Джонсон қиын шешім қабылдады. «Форсаж» картинасының жұлдызына айналған «Скала», бұл фильмнен біржола кетуге бел буған. Бұған себеп, әріптесі Вин Дизельмен қарым-қатынасының бұзылуы екен. Актерлар өзара тіл-табыса алмаған көрінеді. Дуйэн болса, Виннің «кәсіби біліктілігіне» күмәні барын ашық айтқан. Енді, «Форсаж» фильмінің режиссеры сегізінші бөлімге өзге актерді іздестірмек.