Нұртас Адамбай жаңа образы арқылы нені меңземек?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осы уақытқа дейін Сәбина есімді жас келіннің образын сомдаған Нұртас Адамбай, енді егде жастағы әйелдің кейпіне енген. Қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігін астарлап жеткізетін әзілкеш, бұл кинотундыда қандай тақырыпты тілге тиек етпек?  

«Құдалар» – Адамбайдың кезекті картинасы. Комедия жанрында таспаланып жатқан туынды, құдалыққа дейінгі дайындықты суреттейді. Таспаған енді ғана түскен бұл кадрлар, екі жақтың мейрамхана таңдауға келген сәті. Нұртас сомдайтын Жаннэт есімді әйел -  қалыңдықтың анасы.

Екі жастың осы уақытқа дейін, бір мәрте ғана жүздескен ата-аналары, лезде тіл табыса алмайды. Күйеу жігіттің әке-шешесі, қонақтардың тізіміне шектеу қоймайтынын айтса, қызын ұзатқалы отырған Жаннэт ханым, болашақ құдаларының бұл қылығын түсіне алмай әлек. Диананы ойнайтын Динара Бақтыбаева, жаңа жобаның желісі жанжалға толы дейді.       

Динара Бақтыбаева, актриса:

-Үнемі дау-жанжал, тойдың алдында өзара келіспеушіліктер көп болады. Әзілге толы фильмнің қызықты диалогтары, көбінесе құдалардың арасында өрбиді. Ал, мен бұл картинада оқыған, мәдениетті қыздың кейпіндемін.

Ал, қолына құсын қондыруға ниетті шымкенттік Данияр атты жігітті, «Спарта-Номад» КВН командасының мүшесі Олжас Рымбаев ойнайды. Нұртастың шақыртуымен кастингке келген ол, бірден бекілітіпті.

Олжас Рымбаев, «Спарта-Номад-Астана» КВН командасының мүшесі:

-Міне осындай-осындай фильм түсірейін деп жатырмыз. Алматыға келе аласың ба, көрейік сені деп. Жарайды деп мен Алматыға келемін. Келсем менің рөліме 2 адам отыр екен. Мен кірдім. Кірген сәтте, болды сенің рөлің, қаласың деді.

Жаңа жылдың қарсаңында жарыққа шығатын комедияның саундтрегі ретінде, Кенталдың таяуда ғана тұсауы кесілген «Құдағи» әні таңдалыпты. Бұл фильмде әнші жігіттің эпизодтық рөлі де бар. 

Кентал, әнші, актер:

-Ресторанның администаторы менмін. Сондықтан құдалар маған келеді. Тапсырыс жайында, тойы жайында. Сөйтіп оларға мен жеңілдік жасап беремін.