Монатик Астана концерт өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанкүйерлерін әсерлі концертпен қуантқан тек Қарақат қана емес. Мәселен, Астанаға ат басын бұрған украиндық әнші Монатик,  «ВитаминD» ерекше шоуымен, тыңдарманның жүрегін жаулап үлгерді.

Аренаға 12-мың халық жинаған Монатик, кеш барысында ел құлағына жатталып қалған хит әндерін орындап, тамаша биімен тәнті қылды.

Монатик, әнші:

-Қазақстанға келер алдында, ғаламтордан ауа райын қарадық. Шуақты күндер аз болғандықтан, ел көңілін дәл осылай билеп көтергіміз келді. Себебі, сол арқылы, негативтен де арылуға болады!

Сондай-ақ, Монатик «Голос.Дети» жобасының жеңімпазы, отандасымыз Данэлия Тулешовамен ортақ ән шырқады.

Қысқасы, өнерпаздың кешінде талай қызықтар болған көрінеді. Ол туралы толығырақ, сәлден кейін, әріптесім Бауыржан айтып береді.