Отандық кинонарықтағы КВН түлектерінің арасында бәсеке!

Сообщить о проблеме с эфиром

КВН түлектері кинода! Бірі режиссер, бірі продюсер, актерлары тағы бар. Бірақ таныстықтары көңілді тапқырлар клубында бастау алған жігіттер қазір жиі жүздеспейтін болып шықты. Бұл бұл бәсеке ме?

Нұртас Адамбайдың КВН түлектеріменсирек жүздесуінің өзіндік себебі бар. Бір басына бірнеше мансапты тоғыстырған әзілкештің, әр күні тығыз кестеге түзілген.

Нұртас Адамбай, режиссер, актер:

-Шынымда айтсам ешкімнен кеңес сұрамаймын. Әркім өзінің шама-шарқы келгенше жұмысын жасап жатыр. Бірақ көрермен өзіне ұнаған киноға ғана барады. Үздікті халық таңдайды. Біздің арамызда бәселестік деген жоқ.

Ал, отандық кинонарықта қызмет етіп жүрген қос Асқардың, қарым-қатынасы – кәсіби жолдастықтың үлгісінде. Бисембин мен Ұзабаев тың туындыларын таныстырғанда, бір-бірінің кем-кетігін түзуге дайын тұрады екен. 

Асқар Бисембин, режиссер:

-Мысалы Ұзабаев үнемі айтады. Мен күтемін ғой. Премьера бітеді, ол маған келеді, «конструктивный критика» болса, по-моему нормально!  Мен оған кейде келсемін, кейде келіспеймін.  Кино жағынан конкурентпіз. Бірақ режиссер, достық жағынан доспыз енді.

Қазіргі таңда Қоянбаев та кинонарықта қарқынды жұмыс жасап жатыр. Комедия жанрына жаны жақын продюсер, әріптестерінің тарапынан айтылар кез-келген сынға төтеп беруге дайынмын дейді.  

Нұрлан Қоянбаев, продюсер, актер:

-Автоиндустрияда да айтады ғой. Көлігің онша емес, түсі онша емес, осы жолы осы машиналардың дизайны дұрыс шықпады деген сияқты. Олар келесі жолы басқаша жасайды. Яғни, сын болуы керек. Кинокритиктер дейді, оны да оқимыз. Әрине көтереміз!

Дәуреннің достарына деген алғысы шексіз! Өйткені, қарапайым Айдарқұловтың атағын аспандатып, жұлдызын жаққан дәл осы көңілді тапқырлап клубының жігіттері.   

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-КВН-нің әлемінде жүрген адамдардың, сол бәскелестік әлемінде жүргеніне өте қуаныштымын. Сол бәскелестіктің арқасында Құдайға шүкір киноның сапасы да, сценарий де өсіп жатыр.