Марвелдық кейіпкерлер бас қосты! Әйгілі компанияның көздегені не?

Сообщить о проблеме с эфиром

Марвелдық актерлар мен режиссерлар, Лондондағы ерекше кеште бас қосты. Киногерлер дәл осылай, «Мстители: Война бесконечности» фильмінің премьерасына дайындалып жатқан көрінеді. Меймандар арасында, су жаңа картина туралы да айтылды.

«Мстители: Война бесконечности» картинасының тұсаукесерін, тағатсыздана күтіп жүргендер жетерлік. Үлкен премьера алдында, Марвелдың қаһарман кейіпкерлері жиналуды жөн көрген. Себебі, бұл тек жанкүйерлер үшін ғана емес, киногерлер үшін де елеулі оқиға.

Элизабет Олсен, актриса:

-Өзгелерге қарағанда, дәл осы картинадан жинаған тәжірибем мол болды. Түсірілім кезі қызық болғанын жасырмаймын. Көбінесе, Шотландияда жұмыс істедік.

Әріптесі Элизабет Олсеннің сөзін Том Холланд қолдай кетті:

Том Холланд, актер:

-Барлығымыз үлкен отбасыға айналдық. Ал, кейіпкерлер көрерменге етене таныс. Бір жақсы жері, фильмнің жалғасы болғандықтан, сюжетті адамдар түсінбей қалады ау деп бас қатырмаймыз.

Атаулы кеште төбе көрсеткендер қатарында, «Марвелдің» ардагері, Пол Беттани да бар. Актер үшін, «Мсители» франшизасының алар орны ерекше.

Пол Беттани, актер:

-Біз бар болғаны, фильмнің ардагер көмекшілеріміз. Алайда, қай-қайсысымыз болмасын «Мстителидің» бір бөлшегіне айналғанымыз өтірік емес.

Ал, отандық көрермен көптен күткен фантастикалық лентаны, мамыр айының 3-нен бастап үлкен экрандардан тамашалай аламақ!