Рэпер Аsap rocky Мобимен бірлесе жаңа хит жазды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық рэперлер таңқалдырудан жалықпайды. Мәселен Аsap rocky өзінің жаңа туындысымен бөлісті. «A$AP Forever» әніне түсірген туынды тыңдарман көңілінен шыққан көрінеді. Бейнебаян аз уақыт ішінде миллиондаған қаралым жинаған.

Америкалық хип-хоп орындаушы Раким Майерс, кезекті туындысын жарыққа шығарды. Музыкант әлемге танымал Мобимен бірігіп, «A$AP Forever» әніне бейнебая түсірді. Оны 5 миллионға жуық адам қарап үлгерген. Табысты болған трегі Эйсаптың жаңа альбомына тиесілі. Дегенмен, Мобиден бөлек осы үнтаспаға, атақты өзге музыканттармен жазған дуэттері де кірмек.

Ал, Зейн Малик бейнебаян таспалауды емес, өзінің экс-ғашығы Джиджи Хадитті есіне түсіретін татуынан құтылуды ойлап жүр. Музыканттың бұрынғы сүйіктісінің құрметіне, денесіне суреттер салдырғаны бар. Енді, қалай да болса инемен басылған сол таңбаларды жоюды қалайды. Тіпті, өз инстаграм парақшасындағы фотоларын да өшірген әнші, шабыт іздеп құлазып жүр деседі.

Джастин Тимберлейк болса, махабаттын әрдайым әйгілеумен әлек. 11 жыл өтсе де, ол өзінің жары Джессика Билге деген сезімін білдіруден жалықпайды. Голливудтың ең жасырын жұптарының біріне айналған ғашықтар, ел назарында жүруге қысылатын көрінеді. Өзінің жеке парақшасында «мен әрдайым оның қорғанышы болам» деп сүйіктісіне жазба арнаған әншіге ел тәнті. Бұған көңілдері тоқ фанаттары, Джастинге сәттілік тәлеуде.