Хлоидің мерзімінен бұрын толғағы басталуына кім себепкер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезекте Голливудтан келіп түскен жаңалықтар легі.  Ғашығының опасыздығын көтере алмаған, Хлои Кардашьянның мерзімінен тыс толғағы басталған. Кардашьяндар әулетінің ашуына тиген Хлоидің сүйіктісі Тристан, бұл қылығына қалай жауап бермек?

Қиын сәтте Хлоиге қолдау көрсету үшін, Кардашьяндар әулетінің мүшелері Кливленд қаласында жиналуда. Ғашығының опасыздығын көтере алмаған Хлоидің, мерзімінен бұрын толғағы басталған көрінеді. Тристан Томпсонның бұл қылығы, сылқымның туыстарының ашуына шындап тиген. Олар ең бастысы, іштегі сәбидің денсаулығына алаңдаулы. Бұл мәселені бей-жай қалдырмауға уәде берді.

Тейлор Свифт болса өзіне ғашық фанаттарынан құтыла алмай дал. Мәселен, Брюс Роули есімді жігіт Тейлор үшін банк тонаған көрінеді. Ал ұрлаған қаржыны жұлдыздың үйіне апарып, тарту еткісі келген. Сері тіпті ісінің қылмыстық әрекет екенін де ойламапты. Басты мақсаты -кумирын таң қалдыру! Ал поп-орындаушы, мұндай жанкүйерлерінен қорқатынын айтады!