Мэрая Кери ауыр дертке шалдықты! Танмал әншіні мазалап жүрген не?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, тыңдарманның сүйіктісі Мэрая Кери, ауыр дертке тап болды. Бұл күндері әнші денсаулығын меңдеген аурумен алысып әлек. Себебі, өнерпазды анау-мынау емес, психикалық сырқат мазалауда екен.

Дарынды әнші, Мэрая Кери ел күтпеген мәлімдеме жасап, табынушыларын алаң күйге түсірді. Журналистерге мұңын шаққан 48 жасар әнші, 17 жыл бойы ауыр дертпен күресіп келе жатқанын айтқан. Өнерпаз биополярлы ауытқу дертіне шалдыққан көрінеді. Сырқат салдары Мераяның көңіл-күйінің тұрақсыздануына, психологиялық қиындықтарға ұшырауына алып келген.

Дәрігерлердің қатаң бақылуына алынған орындаушы, ұзақ уақыт бұл сыры жайлы жақ ашпауға барынша тырысқан. Алайда, әншіге бар шындықты жасырып жүру тіпті оңайға соқпаған көрінеді.

 Мэрая Кери, әнші:

-Жанкүйерлерімнің мені ойлап, алаңдап жатқаны қуантады. Сол үшін, тыңдармандарыма алғысымды білдіргім келеді.

Бүгінде әншінің арнайы терапиядан өтіп, дәрі-дәрмек қабылдап жүрген жайы бар. Ол «қиындықтың барлығын жеңуге болады, ең бастысы өзіңнің ішкі дүниеңдегі тепе-теңдікті сақтап қалу» деген ұстанымда екен.