«Асылдық» әнші Ақерке көз жасына неге ерік берді?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қыз бала – қонақ!» Десек те ұзатылар сәтте ата-анаңның жаныңда жүргені қандай жақсы! «Асылдық» ару Ақеркені жиі толғандыратын дәл осы тақырып. Көз жасына ерік берген қобызшының көпшілікке айтары бар!

Ақеркенің жанарына жас толтырған дәл осы туынды. «Қыз ұзату» деп аталатын клиптің тұсауын кескен қобызшы Ғазиза Ғабдірахимова, алғашқы көрермендеріне әсерлі видео ұсынды. Бұл бейнебаянның сюжетіне әкесінің қызын шығарып салған сәті мен ішкі толғанысы арқау болған.

Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:

-Әкенің қызға деген сезімі...

Иә, бұл Ақеркенің орындалмай қалған армандарының бірі еді. Әнші қыз осыдан екі жыл бұрын асқар тауынан айырылған екен. 

Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:

-Негізі адамның жүрегінде жатқан, шынайы кейбір сезімдерді ашып көрсету үшін, ешқандай шоу да, графика да, бояу да керек емес! Шынайы сезімді көрсете алды деп ойлаймын, осы бейнебаян арқылы.

Әдеттке қыз ұзату тақырыбында таспаланған бейнебаянда тойдағы кадрлар қолданылса, бұл жолы Ғазиза ханым халықтың санасына сіңген стеротипті бұзуға бекінген.

Ғазиза Ғабдірахимова, қобызшы:

-Тойдағы ұзатуды көрсеткен жоқпыз. Оны әдейі солай жасадық. Себебі, ол жай той болып кетеді. Ресторан, қонақтар, ақ жол дегендей. Сондықтан, біз басқа жағынан көрсетуді жөн көрдік.

Әли Оқапов, әнші:

-Өйткені той жайлы бейнебаяндар көп. Тойдың не екенін барлығымыз білеміз. Түгелімен. Қандай оқиғалар болатынын өз көзімізбен көруіміз мүмкін. Ал былай сахна сыртындағы көрініс өте қымбат.

Композицияның авторы - Арман Дүйсенов. Туынды осыдан 10 жыл бұрын жазылғанымен, жарыққа шығарудың сәті биыл түсіпті.