Мамырдағы қазақстандық спортшылардың жекпе-жектері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қытайда 12-ші мамырда қазақстандық ММА жанкүйерлері үшін айтулы жекпе-жектің бірі өтеді. М1-Глобал (ЭМ БІР) белбеуінің иегері Арман Әшімов өз салмағының нағыз чемпионы Александр Доскальчукпен айқаспақ. Бұған дейінгі үш бірдей қарсыласын тамаша нокаутпен құлатқан Арманнан, ел үлкен үміт күтіп отыр.  

12 мамырда Қытайдың Шеньчжень қаласында, M-1 Challenge 91 халықаралық турнирі өтеді. Сегізбұрышқа шығатын қандасымыз Арман Әшімов азулы ММА өкілі Александр Доскальчукпен, М1-Глобал-дың чемпиондық белбеуіне таласпақ. «Мұстафа Өзтүрік» дейтін лақап аты бар Арман бұған дейін, аталмыш промоушендегі жеңіл салмақтың үш сарбазын нокаутқа түсірген болатын. Оның укриндық карсыласы Александр, 8 жекпе-жегінің тек біреуін, осыдан 3 жыл бұрын төрешілер шешімімен ұтылған.

Ал, 5-мамырда Мәскеуде ACB 86 халықаралық ММА додасы өтпек. Бұл жекпе-жек кешінде, азулы Арман Оспанов ресейлік Акоп Степанянға қарсы айқасады.  «Сұңқар» бұған дейін Алексей Полпудниковке, төрешілердің бұра тартуымен ұтылған еді. Дәл осы күні әлі жеңіліс дәмін татпаған қандасымыз, жартылай ауыр салмақтың жауынгері Асылжан Бақытжанұлы, Дағыстандық Муслим Магомедовке қарсы шағады. «Сақ» өзінің кәсіпқой мансабындағы 7 жекпе-жегінің бәрін жеңген.

Талантты боксшымыз Батыр Жүкембаев, мамыр айының 26-ші жұлдызында Квебек қаласында жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр. Онымен бірге, Канадада өтетін сол бокс кешінде тағы бір қандасымыз - Абылайхан Жүсіпов жұдырықтаспақ. Екеуінің қарсыластары жақын арада белгілі болмақ. Қос спортшымыз да сәуірдің басында бір-бір жеңіске қол жеткізген еді. Және де, осы айдың соңында Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасын Нью-Йоркте өткізеді деп күтілуде.