ДиКаприо жаңа ғашығын ресми түрде мәлімдеуден неге бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ева Лонгория өз жұлдызын алып қуанса, ДиКаприоның махаббаттан басы айналып жүр. Бірақ, әйгілі актер жүрегіне шоқ түсірген жанның барын, жұрттан жасырып қалғысы келетіндей. Леонардо сері сүйіктісі Камилламен қарым-қатынасын неге ресми мәлімдемейді?!

20 жасар Камилла Моррен мен Леонардо Дикаприоның арасында, осыдан 1 ай бұрын махаббат сезімі оянған болатын. Түрлі кештерде бірге бой көрсетіп жүрген ғашықтар, тіпті папарации көздерінен жасырынуға да тырыспайды. Лео серінің үйленгенін асыға тосып жүрген табынушылары, қос ғашықтың ресми мәлімдемесін күтіп жүр.

***

Экс-ғашықтар Белла Хадид пен The Weekend қарым-қатынастарын қайта жандандырған көрінеді. Жұлдызды жұп 2016 жылы қош айтысқан еді, енді екі жылдан кейін қайта табысқан сыңайлы. Coachella фестиваліне қол ұстасып келген ғашықтар, бірден жұрттың назарын өздеріне аударды. Сәнбикенің, бұрынғы сүйіктісіне суыған көңілі жібіп, екеуінің қосылуды құп көргенін жанкүйерлері қуана қабылдады.

***

Rock & Roll Pop Culture Auction жұлдыздардың жеке әрі қымбат заттарын сатылымға қойды. Джастин Бибердің шаш тарағы 9 мын долларға бағаланып отыр. Сонымен қатар, Леди Гаганың көйлегі 150 мың долларды құраса, Майкл Джексонның бетпердесінің аукциондағы бастапқы құны 3 мың  доллардың көлемінде. Бәссауданы ұйымдастырушылар, табынушылардың өз кумиріне деген махаббатын осылайша сынап көрмек.