Нұржан Керменбаевтың жеке кешінде шығынға ұшырағаны рас па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұржан Керменбаев той бизнесін таңдады! Талай конкурстарда топ жарған қара баланың бұл қадамы, шоу-бизнес өкілдерін де таң қалдырып жатыр. Ән әлеміндегі бағытын тосыннан өзгерткен Қапкарашканың бұл шешіміне не түрткі болды?

Той бағытына бет бұрған Нұржан, бұл шешімді бірден қабылдамаған. Ол өнердегі ағасы Болмановтың кеңесіне жүгінгенін айтады. Қыдырәлімен ақылдасқан қара бала, халықтың сұранысына сай жұмыс істеуді жөн көреді.  

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Ең соңғы қатты хит болған әндердің барлығын қарап шық дейді. Ол қайсы дейді? Ол «Қызық өрік», «Аспанға қараймын», ол «Мария Магдалена». Сол сияқты туындылар шыққаннан кейін, халық өзінің таңдауын жасап жатыр. Ол яғни халықтың өзінің сұранысы. Сол сұранысқа байланысты жұмыс жасайтын болсаң, адаспайсың. Барлығы жақсы болады деді де. 

Қара баланың бұл қадамына әріптестері түрлі жорамалдар жасауда. Мәселен, өткен жылы зәулім сарайда 10 жылдық есеп беру кешін өткізген Керменбаевты қарызға белшесінен батты деп болжағандар да бар. 

Ғалия Мұратова, «Асыл» тобының әншісі:

-Ол үлкен шығын. Қаншама музыканттар артында отырды. Әрине, ол ақша қайтадан қайдан келеді? Соншама қаражат салғаннан кейін... Оның бәрі ақша. Біздің концерттерде сол ақшаны қайта табу мүмкін емес. Сондықтан да қазақтың тойы бар болсын. Ақша сол жақтан келеді.

Ал, кейбірі Нұржанның бұл қылығын отағасы атанып, балалы болуымен байланыстырады. 

Әли Оқапов, әнші:

-Жаняұсы бар, бала-шағасы бар. Оны асырау керек дегендей. Табыс көзі дегеніміз шынымен де ол біздің нанымыз. Сондықтан, тек қана сол сияқты себебі.

Бүгінде Нұржанның репертуарында той форматындағы тректер жазылып жатыр. Керменбаевтің өзі сырт көздің сынына тас-түйін дайын екенін жеткізді. 

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Бұл бизнес! Бұл той-бизнес, бұл шоу-бизнес. Сондықтан, жалпы бұл бизнес. Бұрын Қайрат Нұртастың өзі сыналған. Біраз сынның астында қалған. Бірақ сыналғандар түбі сынбайтын болса, түбі жақсы болады.