Аишаның сәбиін суда босануының сыры неде?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Екі ұлдан кейін, қызды болған Бүркіттің қуанышында шек жоқ! Бір қызығы, бұл жолы бөбекті дүниеге әкелу процесі, елден ерекше әдіспен жүзеге асыпты. Сәбиін суда босанған Аишаға, отағасы серіктес атанған. Жалпы, бұл идея жұлдызды ата-ананың қайсысына тиесілі? «Перзентханадан шығару» салтанатына барған тілшіміз сұрап көрді.  

Бүркіт үшін бұл күннің орыны ерек. Алғаш рет қызды болған әке, құшақ толы гүлімен перзентxанаға бірінші болып жетті.

Бүркіт, әнші:

-Перзентханадан шығарып алудың өзін, ерекше қылып жасап жатырмыз. Өйткені, көңіл деген шіркін жақсы сезімде болып жатыр.  Енді, қыз бала болғаннан кейін ерекше сезім. Өзімді өзім білмей тұрмын. Кішкене  қобалжып тұрмын.

Бүгінде ана мен бөбектің денсаулығы көңіл қуантарлықтай. Сәбидің салмағы – 4 келі, бойы - 55 сантиметр. Бүркіттің сөзіне сенсек, бұрымдысы әкесінен аумай қалған. Қызының кіндігін кескен де әншінің дәл өзі.

Бүркіт, әнші:

-Ұйқылы ояу, тұр салып, мені шақырып, кіріңіз, қолыңызды жуыңыз деді. Қолыма қайшы берді. Сонымен кестім ғой.

Әріптестерінің басым көпшілігі Бүркіттің жанұясындағы жағымды жаңалықтан әлеуметтік желі арқылы xабардар болса, Арман Қоңырбаев жұлдызды жұпты жұрттан бұрын құттықтағанын айтады.

Арман мен Аша, әнші:

-Өзіміздің уатцапта тобымыз бар, сол топтан естідік. Сол жерде құттықтау басталды.

Жанболат пен Жазира, әнші:

-Мінеки бүгін Бүркіт пен Аишаның бүгін қуанышы ғой. Бізге жұғысты болсын деп жатырмыз. Осындай балапандап дүниеге келе берсін.

Жұлдызды жұп кішкентай ханшайымға ат қоймаған. Бірақ алдағы уақытта Мәриям мен Лулу есімдерінің бірін таңдауы мүмкін.