Шаштарын бояған «Ньютон» тобына тыным бермей жүрген кімдер?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алты айда атағы аспандап, өмірлері адам танымастай өзгерген «Ньютон» тобы, былтыр ғана қоғамдық көлікпен емін-еркін қатынайтын еді. Қазіргі таңда, төрттіктің көшеде жүріп-тұруы қиындап кеткен. Бұл кью-поперлерге жасалған фанаттардың құрметі ме? Әлде шаштарын түрлі түске бояған бойзбендке, хейтерлердің көрсеткен қоқан-лоққысы ма?!

Бұл «Ньютон» тобының алты айда атқарған еңбегіне, оң бағасын берген қыз-жігіттер! Өздерін пауэрс деп атайтын жастар - аталмыш төрттіктің адал жанкүйерлері. Бүгінде, танымал топтардың тізіміне енген төрттік, күні кеше алғаш рет фан-митинг ұйымдастырды.    

«Newton» тобы:

-Біздер осы күнге көп дайындалдық. Ұзақ дайындалдық. Және де осы күнге біз лайықпыз деп шештік. Сосын жасадық. Ең алғашқы фан-митингті...

Бұл бас қосу мыңдаған фанаттардың өтінішінен туындаған-ды! Жарты жылдың ішінде «Ньютон» ұжымының, көлемді жанкүйлерлер тобын жасақтап үлгергені анық. Тіпті соңғы уақытта, төрттіктің көшеде емін-еркін жүруі де қиындап кеткен көрінеді.

«Newton» тобы:

-Далада жүргенде келіп құшақтай береді, фотоға түсе береді. Әрине, оның бәрі бізге қуаныш сыйлайды. Керемет әсер аламыз одан. Бірақ, оның бәрін көргенімізбен, ішкі жан дүниеміз өзгермеді.

Бұл күні топ фанаттары үшін тосын-сый көп! «Ньютон» бойзбенді су жаңа видеоның тұсауын кесті. Бейнебаян «Шимайла» деп аталады.

«Newton» тобы:

-Дереу сезімнің барлығын шимайлап таста деген мағынаны білдіреді.  Бұл ән, бұл клип өмірден алынған. Көп жағдайлар болады. «Фрэндзона» дейді ғой... Жігіт қызға ғашық болады. Бірақ, қыз мән бермейді. Соған арнап жазылған ән.

Жанкүйерлермен өткен алғашқы ресми жүздесу, тұсауы кесілген тың туынды да, көңілдерден шыққан тәрізді. Топ фанаттары, «Ньютондық» жігіттерге алғысын жаудырып, жаңа бейнебаяннан түйген ойларын да ортаға салды.