«Азия» тобының тоқырауға тап болуының қандай себептері бар?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде «Азия» тобының жанкүйерлері жігіттерді бірге көрсе шүкірлік айтып, қуанатын хәлге жеткен.  Өйткені, музыкалық ұжымның шығармашылығы әлдеқашан тоқырауға тап болған еді. Ал, үштіктің ішінде бойзбенд жұмысының жандануына кедергі келтіріп жүрген адам бар көрінеді.

Азиялық жігіттер, топтың тоқырауына 2014-те тосынан болған жол-көлік оқиғасы түркі болды деп топшылайды. Естеріңізге сала кетсек, осыдан төрт жыл бұрын кезекті клиптің түсіріліміне бет алған трионың әншісі Ринат, адам шошырлық жол апатына ұшыраған еді. Сол сәттен бастап Баситов күні бүгінге дейін өзін кінәлаумен келеді.   

Ринат Баситов, «Азия» тобының әншісі:

-Жақсы келе жатқан кезде «бық» етіп мен бір жыл жатып алдым. Сосын тағы жарты жыл қолым дедім, анау-мынау дедім. Мен екі жылдай жоғалтып алдым.

Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:

-Апатқа түсті. Сосын ауруханада біраз емделіп жүрді. Одан кейін сәл актерлық жағын шыңдады. Мамандығы актер ғой. Сонда көп жұмыс жасадым. Содан кейін уақытты жоғалтып алдық деген ойда болар.

Екі жылдық үзілістен кейін, топ жігіттері жұмысқа белсене кіріспек ниетте. Өйткені, отандық шоу-бизнесте бәсекелестік артқан заманда, қол қусырып отырудың пайдасы жоқтығын өнерпаздар жақсы түсінеді. 

Ринат Баситов, «Азия» тобының әншісі:

-Біздің дауыс кімге керек негізі? Өзіміз еңбек етіп, халыққа паш етпесең, халық сені көп болса екі-үш іздейді де ұмытады.

Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:

-«Азияны» ешқайда тастап жатқанымыз жоқ. Тарап жатқанымыз жоқ. Ары қарай жұмысымызды жалғастырып жатырмыз.

Иә, жұмыс өз жалғасып тапты! «Азия» ұжымы тоқтап қалған шығармашылық шеберханасын, жаңа клиппен қайта жандандырмақ. Бүгінде, «Үйленейік ғашығым» деп аталатын әнге бейнебаян таспалап жатқан жігіттер, жастарды ертерек отбасын құруға шақырады. Өйткені, топтың үлкені 32-ге келіп шаңырақ көтерсе, трионың кенжесі әлі күнге дейін үйленбеген екен.

Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:

-Балаңның мектепке барғанын кеш көресің, үйлегенін кеш көресің... Оны біз кейін кеш үйленіп түсініп жатырмыз да. Менің ойымша ертерек үйленіп, бала-шағаны ертерек жеткізу керек екен де.