Головкин мен Мартиросянның гонорары қанша болмақ?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Головкиннің 5-мамырда Мартиросянмен айқасатыны белгілі болғаны, күні кеше еді.. Қазірдің өзінде бұл жекпе-жектің билеттерін, бокс жанкүйерлері таласа сатып алып жатқан көрінеді. Соған қарағанда, Лос-Анджелестегі StupHub Sentre-де ине шаншар орын болмайтын сынды. Боксшылардың өзі қанша табыс таппақ?!  

19 сәуірде шаққан Головкин мен Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің, қазір 5 мыңға жуығы сатылып кеткен. Ең арзаны - 55 доллар шамасында, ал ең қымбаты - 770 доллар тұрады. Аталмыш бокс кеші өтетін Лос-Анджелестегі StupHub Sentre-дің сиымдылығы - 9 000 орынды құрайды. 2014 жылы Геннадийдің осы спорт кешеніндегі Антони Рубиомен болған кездесуіне - 9 323 билет саудаланып, StupHub Sentre аренасының тарихи рекордын орнатқан еді.

5 мамыр күні болатын бұл жекпе-жекке букмекерлік кеңселер өз болжамдарын жасап үлгерді. Олар Головкиннің жеңісіне шамамен - 1,04, қос боксшы тең тарқасады дегенге - 40, Мартиросянның ұтысына – 15 коэффициент беріп отыр. Геннадий нокаутпен басым түседі дейтін бәс - 1,15-ке, ал АҚШ боксшысы Ванестің кездесуді уақытынан бұрын аяқтау мүмкіндігі – 25 коэффициентке бағаланған.

Головкин бұл айқасқа өзіне тиесілі WBC, WBA (Super) және IBO-ның чемпиондық атақтарын тігеді. IBF пен Генаның командасының арасында туындаған келісе алмаушылыққа байланысты, бұл тұжырымның белбеуі бәске қойылмайды. Қазақстандық бокс жанкүйерлері Головкин мен Матриросян жекпе-жегін, 6 мамыр күні Астана уақытымен таңғы 9:00 де тамашалай алмақ!