Еркебұлан Сейдахмет жарақат алып қалды

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстан Ұлттық Құрамасының және ресейлік «Уфа» клубының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жарақат алып қалды. Бұл жағдай кезекті командалық жаттығу ойындарының бірінде болған екен. Аяқдопшының өз инстаграм парақшасында «Қош бол маусым» деген жазба қалдыруы, жанкүйерлерін біраз алаңдатқан еді.  

 «Қазақ Мессиі» атанған футболшы, «Уфаның» мәскеулік «Локомотив» ұжымына қарсы матчқа дайындығы барысында, қатардан шығып қалған.

Башқұртстандық клубтың бас бапкері Еркебұланның жарақаты ауыр еместігін, оның екі аптада команда сапына қайта қосылатындығын айтты. Еркошқа, тезірек сауығуын тілейміз!