Джонни Депптен қорғаушылары неге бас тарқан?

Сообщить о проблеме с эфиром

Джонни Депп болса, өзінің қызметкерлерімен соттасып әлек. Менеджерлерін алаяқтық жасады деп айыптаған актер, 25 миллион доллар талап еткен. Іс насырға шапқаннан кейін, тіпті қорғаушылар да Голливуд жұлдызын жақтаудан бас тартқан көрінеді. Себебі, өнер иесінің де өзі кінәсі бар...

Джонни Депп, қол астындағы қызметкерлерін «табан ақы, маңдай теріммен тапқан ақшамды жымқырды» деп айыптап, олардан 25 млн доллар талап еткен еді. Даулы істің соты 1 жылдан астам уақытқа созылған. Мәселені қолына алған беделді адвокаттық компания, енді Джоннидің мүддесін заң алдында жақтаудан бас тартыпты. Себебі, «ақшаны оңды-солды шашқан актердің өзі» деген қарсы тараптың дәйегі басымдырақ екен. Ал, Голливуд жұлдызы қорғаушылардан еш қайыр жоқтығын айтып ашуланып жүрген көрінеді.

Николас Кейдж болса, актерлік мансабын біржола аяқтауға шешім қабылдаған. Соңғы кездері фильмдерге шақырту алмай кеткенін айтып, қатты қапаланған өнер иесі, шабытын режиссерлықта сынап көруге бел буған. Ол, жақында  көрерменге жол тартатын «Мэнди» картинасы, соңғы ойнаған туындым деп отыр. Енді Николас, табынушыларын өзі таспалаған кинотуындыларымен қуантуға уәде берді.

Кэти Перри жақында қалыңдық атанады. Актер Орландо Блуммен сөз байласқан әнші, бақытты екенін жариялаған. 2016 жылдан бері қол ұстасқан жұлдызды жұптың, біраз уақыт қарым-қатынастарында үзіліс те болған еді. Қайта қосылған ғашықтар, енді мәңгілік бірге боламыз деп ант ішкен екен. Екеуі үйлену той рәсімін де кешіктірмей, таяуда өткіземіз деп жоспарлауда.