Уақыт таппаса немереге... Жұлдызды әжелердің ақиқаты ашылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұрынғының әжелері бар уақытын немересіне арнаушы еді, бүгінде бұл үрдіске сызат түсе бастағандай ма?! Қазіргі таңда ұл-қыздарынан өрбіген балаларына, уақыт таппай қиналып жүретін  жұлдыздар, мұндай көзқараспен келісетін де секілді.

«Жұлдызды әжелер» жайлы тақырып, Шахизаданың дүбірлі тойында талқыға түсті. Күні кеше немересінің тұсауын кескен әнші, ұлының кішкентайларымен сирек серуендейді екен.   

Шахизада, әнші:

-Уақыт жоқ! Әрдайым жолда. Сосын енді, үлкен жанұяны өзім асырап, өзім жағдайларын жасап, жүгіріп жүрген анамын, әжемін. Сондықтан, менің мойынымда үлкен жүк. Бірақ, гастрольдік сапармен кетіп бара жатқан кезде, міндетті түрде кіріп шығамын. Беттерінен сүйіп шығамын.

Шахизаданың тынбай тер төгуі, дәл осы отбасының қамы. Немерелеріне уақытты аз бөлсе де, олардың  қуанышында тік тұрып қызмет етуге дайын.

Шахизада, әнші:

-Осындай дүрілдетіп той жасап, осы балапандарымның қуанышын бөлісіп жатқаным, сонда мынандай әже болып тұрмын ғой енді.

Танымал әжелердің тізімінде Бақыт Шадаева да бар. Әншіге үлкен қызы қос немере сыйлаған. Алайда, жұлдызды апа, жиендерін жиі көрме бермейді екен.

Бақыт Шадаева, әнші:

-Күнде деп мен айта алмаймын. Менің күйеу балам мен қызым Астанада тұрады. Мен өзім Астанада тұрамын. Күнде көре бермеймін. Көп араласа бермеуге тырысамын. Өйткені қыз баланы мен жібергенмін. 

Бүгінде, Мақпал Жүнісованың да бұрымдысы бойжетіп қалды. Халық әртісі қызын дәл қазір ұзатпаса да, мектеп қабырғасындағы Мерейге, болашақ ана екенін санасына сіңіру үстіндемін дейді.

Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі:

-Осы бастан әңгіме қыламыз. Армандаймыз. Алла тағаладан сұрап жатырмыз. Осындай ел қатарлы бізде қуанышқа жетіп, болашақта немере сүйіп, қызымызды ұзатып... Бақытты болса екен деп армандаймыз!