Канье Уэст өзінің енесімен неге тіл табыса алмай жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кардашьяндар әулетінің күйеу баласының басына, қиын күндер туды. Себебі рэпердің, енесімен қарым-қатынасы аса мәз емес көрінеді. Крис Дженнердің көңілінен шықпаған Канье, не бүлдіріп жүр? 

Канье Уэст соңғы кездері уақыт тапшылығынан күйзеліске түскен. Шығармашылығына қызу кірісіп кеткен рэпер, тіпті жақындарына көңіл аударуын қойған. Жұбайының анасы Крис Дженнер болса, Каньенің бұл қылығын құптамайтынын айтады. Отбасына уақыт бөлуді азайтқаны үшін, енесімен сөзге келіп қалған да көрінеді. Канье болса, Кристен жеке өміріне араласпауды өтінген.

Тейлор Свифт, өзіне ғашық фанаттарынан құтыла алмай дал болып жүр. Жұлдыздың кезекті жанкүйері, кумирінің үйіне баса-көктеп кірген. Таңқалдыруды көздеген табынушы, тіпті қонақ бөлмеге жайғасып алған деседі. Белгісіз жігіттің әрекетінен шошыған поп-орындаушы, сотқа жүгінуге мәжбүр екенін айтады.

Скарлетт Йоханссон өзінің жаңа махаббатын тапты. Актриса бұл жолы 35 жасар Колин Йост есімді серімен көңіл жарастырған. Жұлдыздың таңдаған жұбы актер әрі сценарист болып шықты. Кезекті түсірілімде танысқан олар, бір-бірін сол сәтте ұнатқан көрінеді. Енді, ғашықтар қол ұстасып жүр.