Геннадий Головкиннің белбеуіне жаңа үміткер табылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүкіләлемдік Бокс Кеңесі қазақстандық Геннадий Головкиннің белбеуіне жаңа үміткерді анықтады.

Ол таяуда ғана Уго Сентеноны нокаутқа түсіріп, WBC-дің уақытша чемпионы атанған – Джермалл Чарло! Аталмыш тұжырым Геннадий 5-мамырда Мартиросянды ұтар болса, келесі кезекте оның «Канеломен» жұдырықтасуын қалайды!

Сосын, осы кездесудің жеңімпазы, америкалық боксшы алдында атағын қорғауы тиісті. ДжЕрмалл өз мансабындағы 27 жекпе-жегінің бәрін жеңіп, 21 нокаут тіркеген кәсіпқой спортшы. Дегенмен, бұл тақырып келешекте талай түрленіп, WBC-дің жоспары өзгеруі де мүмкін.