Данила Козловскийдің туындысы алғашқы миллиондарын жинады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Үшінші апта бойы көрсетіліп жатқан «Әмре» фильмінің, үздіктер қатарынан қалғысы келмейтін секілді. Ал, көршілес елдің «Бапкер» туындысы, алғашқы уикэндте-ақ көш басына шығып үлгерген.  Картинаның Қазақстандағы тұңғыш табысы қанша миллионға жетті?

Өткен уикэндте «Бапкер» картинасы 70 млн теңгеге жуық қаржы жинап, бірінші орынға шықты. Ресейлік актер әрі режиссер Данила Козловский, өмірде де жаттықтырушы болуды армандаған екен. Ол жаңа туындыда - Юрий есімді аяқдопшының рөлін сомдайды. Командасын ұятқа қалдырып, барынан айырылған ойыншы, кейін кішігірім клубтың жетекшісі атанады. Алайда, еш мұқалмай жетістікке жеткен кейпікердің оқиғасы жұртқа ұнаған сияқты.

***

Екінші сатыға жайғасқан Дуйэн Джонсонның «Рэмпейдж» картинасы, бұл аптада 37 млн теңгедей пайдаға кенелді. Ғылыми тәжірбие жасап жүріп шалыс басқан Дэвис, өз қолынан алып және аса қауіпті хайуанаттарды шығарады. Енді, әлемге апат әкелетін жануарлардың көзін құрту үшін, Дуйэннің кейіпкеріне Джордж атты маймыл көмекке келмек. Қиял-ғажайып туынды әлі де отандық прокатта табыстылар қатарында болатын секілді.

***

«Такси» фильмінің бесінші бөлімі, 32 млн теңгеден аса қаржымен үшінші сатыда. Комиссар Жиберге, қауіпті қарақшыларды тұтқындау миссиясы бұйырады. Өз қызметкерлері сүрінген соң,  полиция басшысына дәстүрлі түрде аты аңызға айналған ақ түсті көлік жәрдем болмақ. Бұзақыларды құрықтау барысында, темір тұлпардың тигізер пайдасы мол. Ал біздің көрерменнің, Жибердің командасын сағынғаны анық.