Айқын ашық аспан астында концерт қойды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқын мен Жұлдызды жұрт жұптастырса да, осы уақытқа дейін қос әнші бұл жайында жақ ашпай келген еді. Өмірғалидың желіге жүктеген мына суретіне зер салсақ, олар енді жеке өмірлерін жасырмауды жөн деп шешкен сыңайлы. «Кешьюдің» экс-мүшесі Төлепбергеннің кешін көрермендердің ортасында тамашалады.        

Ашық аспан астында кеш, Айқынның  сахнадағы15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. 2003-ші жылғы «Super Star» жобасы талай таланттың жұлдызын жаққанымен, өнердің көшіне ілесіп кеткендері санаулы. Тынбай тер төгіп, ел алдында еңбек етіп жүргендердің бірі - дәл осы Төлепберген. 

Айқын Төлепберген, әнші:

-«Super Star» деген жай конкурс! Ары қарай әнші өзін қалай көрсетеді. Әншінің талғамына байланысты, кәсіби деңгейіне байланысты. 15 жыл сахнада жүрудің өзі еңбек деп есептеймін. Себебі ағаң, көкең болса да, сахнада сені тек қана халық ұстап қалады.

Бұл тойға әншінің әріптестері де арнайы келген. «Ринголық» Әділжан үшін «суперстарлық» серілердің орны бөлек. Өйткені өнері иесі де, аталмыш байқаудың түлегі.  

Әділжан Умаров, «Rin'Go» тобының әншісі:

-Айқын «Super Star-1» жобасынан шыққан болса, мен «Super Star-4», яғни соңғы маусымнанмын. Сол үшін біз енді кішігірім «ерекше әріптестер» деп айтсақ болады. Сондықтан, осындай кездерде бір-бірімізді  қолдап жүру керек деп ойлаймын!

Айқын бұл кеште бір оқпен бірнеше қоянды қатар атуды көздесе керек. Тыңдармандарын ашық аспан астында жинаған Төлепберген, тың туындысын да қатар таспалап жатыр. Иә, әнші кезекті бейнебаянына дәл осы концерттегі кадрларды қолданбақ ниетте... 

Айқын Төлепберген, әнші:

-Клипті біз вертолетпен түсіру керек болғанбыз. Дронды ұшырайық дегенбіз. Бірақ жаңбырда жай жаңбыр емес. Кәдімгідей қатты жауып жатыр. Аллаға шүкір, көрермендер ақырындап келіп жатыр.  Әншінің өмір жолы, әншінің концертке дайындығы. Режиссердың идеясы, сондай бір клип түсіру.

Бұл кеш, 15 жылдықты атап өтудің алғашқы қадамы ғана. Айқының келесі ауқымды шоуы - Астана төрінде болмақ.