Балалар және сән!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жұлдыздар «бүлдіршіндерді қалай киіндірген жөн?» деген тақырыпты қызу талқылады. Тіпті, олардың ішінде ортақ пікірге келе алмай қалғандары да бар. Сонымен, танымалдар балақайлардың киім үлгілеріне қатысты не дейді?

Фэшн-көрсетілімге қызын алғаш рет қатыстырған Әлішер Елікбаев үшін, балаларға дұрыс киім таңдау өте маңызды. Әлеуметтік желіде «Мойындалмаған сәнқой» атты айдарымен танылған блогер, кестетігерінің талғамын жақсы біледі.

Әлишер Елікбаев, блогер:

-Дәрия үлкен көйлектерді, юбкаларды  жақсы көреді. Маған ондай ұнамайды. Сосын біз өзіміз сөйлесіп, өзіміз бірдеме аламыз әйтеуір.Мен спортивный киімді жақсы көремін. Сондай киімді сатып аламын шетелге барғанда. Әйелім де қызым да мен алған киімді жақсы көреді.

Ал, отандық картиналарда төбе көрсетіп жүрген кішкентай актриса Аминаның анасы да, қыздарының тек сәнді киінгенін жөн көреді.

Арай Малгаждар, кішкентай вайнерлердің анасы:

-Қыздарды үлкен қылып киіндірген білмеймін, маған ұнайды. Өйткені санамды күшті сезінетін сияқты. Өйткені, мен кішкентай кезімде анам сияқты киінгім келетін.

Алайда, жас ананың сөздерімен дарынды дизайнер Алекс Чжен мүлде келіспейді.

Алекс Чжен, дизайнер:

-Мен  балалар брендінің үлкендерді қайталағанына түбегейлі қарсымын. Олардың өз көңіл-күйі, әсері, балалық шағы болуы керек. Барлығы өз уақытысымен.

Әйгілі скрипкашы Лана болса, атұстарына киім іздеп бас қатырмайды екен. Себебі, өнерпаз таңдау құқығын балдырғанына баяғыда табыстап қойған.

Лана, скрипкашы:

-Ұлым кішкентай болғанда киімдерін күйеуім екеуіміз таңдайтынбыз. Қазір, көбінесе өзінің қалауымен киінеді. Тіпті, бүгінгі лукты өзі ойластырды. Меніңше, Георгидің талғамы өте жақсы.

Ал, сөз соңында «Баласына қандай киім таңдайтыны, әр ата-ананың өз еркінде. Алайда, бүлдіршіндер сөзіне де құлақ асу керек» - деп, тарқасты жұлдыздар.