Канн фестивалі актрисалардың наразылық алаңына айналды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйелдердің теңсіздігі тақырыбы, Канн фестивалінен де шет қалмады. Сальма Хайек бастаған бір топ актриса, бұл өзекті мәселеге қатысты өз қарсылықтарын қызыл кілем төрінде білдірген!

Хелен Миррен, Сальма Хайек, тіпті Кендал Дженер. «Күн қыздары» картинасын қолдауға келген арулар, әйел теңсіздігіне қатысты наразылығын да білдірді. Қызыл кілемге тізіле жиналған актрисалар арасында, Канн фестивалінің қазылар алқасының басшысы Кейт Бланшетт те бар.

Кейт Бланшетт, актриса:
-Қарсы алдарыңызда 82 ару тұр. Дәл осыншама әйел режиссер Канн фестивалі тарихында, мына баспалдақпен жүріп өткен. Біз киносаласында ерлер мен әйелдердің құқығы тең болғанын қалаймыз!

Алайда, әділетті талап етіп, шындықты айтып шырылдағандар қатарынан Пэтти Дженкис табылмады. Әйгілі киногер «нәзік жандылардың күйін күйттегені үшін» фестивальдің арнайы марапатын еншілеген.

Пэтти Дженкис, режиссер:

-Барлығымыз бір күннің астында өмір сүреміз, сондықтан да құқығымыз да бір болуы керек. Ал, менің еңбегімнің бағаланғаны қуанышты жағдай.

Канн байқауында көпшіліктің қызу талқысына түскендердің тағы бірі – Аишвария Рай. Сваров тастарымен көмкеріліп, жалынқұсты еске салатын актрисаның образы ел аузына ілікті. Ал, бұл әсем көйлекті әзірлеу үшін тігіншілер 3000 сағат уақытысын жұмсаған екен.

Ал, Наоми Кэмпбелл жұлдыздарды игі іске шақырды. Канн салтанаты аясында 12-ші рет фэшн көрсетелімін ұйымдастырған сәнқой, шара аясында тапқан бар қаржыны қайырымдылыққа жұмсамақ.