K-popStar.KZ жбасы өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бірақ, бұл сәтсіздік кью-поперлердің көңіл-күйін бұза алмады! Олар, дәл сол уақытта «Кэй-поп стар.кз» сайысының қатысушыларын құттықтап қайтты. Айта кетейік, аталмыш додада өткен жылы «Мэдмэндік» жігіттер топ жарған болатын. Биыл қай команданың асығы алшысынан түсті екен?

K-popStar.KZ! Бұл корейлік музыкаға аңсары ауған қыз-жігіттердің алаңы! Әр жыл сайын ұйымдастырылатын конкурста, өнерге құштар жастар «вокал» және «хореграфия» категориясы бойынша өзара бақ сынасады. Қатаң іріктеуден сүрінбей өткен 15 үміткер, ақтық сынға жолдама алған.

Талантты жастарды қолдап, оларға қазылық ететін отандық шоу-бизнестің өкілдері. Мәселен, «Рензо» тобының экс-мүшесі Жанболат Ертаев, бишілердің біліктілігіне баға берсе, қатысушылардың вокалдық қабілетін «Аюмилік» Ақназ бақылап отыр!

Ақназ Сағындықова, «Ayumi» тобының әншісі:

-Aдамда харизма болу керек. Әртіс болғаннан кейін бірінші орында – харизма! Өйткені вокал мен хореграфияны көп дайындалатын болса, оның бәрін көретіп алуға болады.

Жыл сайын аудиториясы кеңейе түсетін жобаға, тек қазақстандық қатысушылар ғана емес, өзге елден де арнайы келген өнерпаздар бар. Мәселен, мына бұрымдылар - Бішкек қаласынан келген бишілер тобы. Қыздардан құралған команда «К-поп стар.кз» додасында Қырғызстанның намысын қорғап, хореогарафия номинациясы бойынша бірінші орынды еншіледі.

«Troubles» бишілер тобы (Қырғызстан):

-Бұл жобаға бір айдан астам уақыт дайындалдық. Қырғызстанда да дәл осындай субмәдениет қарқынды даму үстінде. Бүгін біз корейлік би тобына кавер жасадық!

Ал, бас жүлде бір ғана ұжымға табысталады. Осы жылы жүзден жүйрік шыққан «Мэднэсс» тобы.

Қарсыластарын шаң қаптырған жас өнерпаздар, Кореяға жолдама алды. Ал, бұл жобаның былтырға жеңімпаздары - «МэдМэн» бойзбенді болатын.

«MadMan» тобы:

-Ол жерде тағы осындай іс-шара болады, «K-popStar» деген. Әлемдік деңдейде. Яғни, Қазақстанның атынан өздерінің өнерлерін көрсетеді.