Есболат Беделхан өзіне жала жапқан шәкірттеріне жауап айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Есболат пен шәкіріттерінің арасындағы айқасқа, әлі күнге дейін нүкте қойылар емес. Таяуда ғана «Блэк дайл» тобының экс-мүшелері БАҚ өкілдерімен кездесіп, продюсерден қысым көргендерін айтқан-ды! Алайда, кіші Беделхан олардың сөзін жалған деп отыр. Тіпті, өзіне жала жапты деген жігіттерге, жауабы да дайын.

«Тосынан топтан кеткен жігіттердің қылығы продюсерлерді де, бойзбендті де тығырыққа тіреді» - дейді Есболат. Ал, «Блэк дайлда» өнер көрсеткен Ескелді мен Самат, бұрынғы басшыларының өз тарапынан түрлі ағаттықтарға жол бергенін алға тартқан-ды! Тіпті құрт-құмырсқаға толы пәтерде күнелткендерін айтып, күйі адам шошырлық баспананы видеоға түсіріп алғаны бар!

Дәл осындай қиын күндерді бастан кешкен «Блэк дайлдың» бұрынғы мүшелері, топтағы жұмысты тоқтатуды жөн деп шешеді.

Ескелді Қуандық, «Black Dial» тобының экс-мүшесі:

-Біздің жағдайымыздың қиын, нашар екенін айтқан болатынмын. Творчествалық өсудің болмағанын жеткізіп, топтан кететінім жайында айтқанмын.

Шәкіртерінің, журналистерге мұңын шаққанынан Есболат та хабардар! Кіші Беделханның сөзінше, БАҚ өкілдерімен кездескен қос рэпердің жан-айқайы шындыққа жанаспайды.

Есболат Беделхан, продюсер:

-Олардың сол жақта берген интервьюі, сөйлеген сөздерінің барлығымен мен келіспеймін. Үлкен реніш, өкініш бар әрине. Менің бір ғана айтарым, олардың бүкіл сөздері рас емес.

Естеріңізге сала кетсек, бойзбендтен бөлек кеткен өнерпаздар заңгерлердің кеңесіне жүгінген. Ескелді мен Саматтың құқығы тапталды деп таныған адвокаттар, продюсерлік орталыққа арнайы хат жолдапты.

Қанатбай Қашкенов, заңгер:

-Біз жігіттердің жағдайымен толықтай танысқаннан кейін, продюсерлік орталық орналасқан мекемеге адвокаттық сұраныс хат жолдадық. Өкінішке орай компанияға қатысы бар заңды тұлғалардың, ешбірінен жауап болған жоқ!

Есболат, қос жігітке қамқорлық көрсеткен қорғаушының да сөзін жоққа шығарды.

Есболат Беделхан, продюсер:

-Сол жаңағы өтірік деген заттардың ішіне кіреді бұл. Ешқандай «запрос» жоқ!

Ал, шәкірттерінен көңілі қалған Есболат, жаңа жобалар жасақтау жолында, мұқият боламын деп шешкен.

Есболат Беделхан, продюсер:

- Продюсерлік жағынан, кью-попты дамыту жағынан қателік жібермес үшін, менің ойымша ең бастысы аса сенбеу керек адамдарға. Қанша жас болсын, қанша өнер адамы болсын, аса сенбеу керек!

Жігіттерден 96 миллион талап кеткен Есболат, айтқанынан қайтпақ емес! Алдағы уақытта қос тараптың, сот залында кездесуі бек мүмкін!