Айридің ұстаздық қабілетіне күмәнмен қарайтындар кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Образдары мен әндері де өзгешелеу орындаушы - Айри, соңғы кездері оқытушылықты қолға алған еді. Дегенмен, жас өнер иесінің ұстаздық қабілетіне, күмәнмен қарайтындар да жеткілікті көрінеді. Жас шамасына жатырқай қарап, сенімсіздік танытып жүргендерге, әнші арудың айтар жауабы қандай?

Айри өзінің талантымен тек Қазақстанды ғана емес, аспан асты елін де таң қалдырып жүр. Жас өнерпаз соңғы уақытта Қытайға жиі ән сапарға шығып, сол жақтағы тыңдармандарын қуантуда.

Ayree, әнші:

-Өкінішке орай демалатын уақытым мүлдем жоқ...Бізде әр үш ай, әрі екі ай біз шет елге барып жүреміз. Ол әр түрлі байқаулар және гастрольдік сапар. Мені өте жақсы Қытай елі қарсы алады.

Айри қазіргі таңда ұстаздықты да қолға алып, Бағым Мұхитдинованың музыка мектебінде вокал бойынша дәріс беріп жүр. Өнерпаз өз біліміне сенімді болса да, жас мұғалімнің біліктілігіне күмәнмен қарайтын ата-аналар бар екен.

Ayree, әнші:

-Мұғалім ретінде өзімді дайынмын деп сездім. Сондықтан соны бастадым. Менің студенттерім өзімің ішкі жанымдағы алған білімімді аямай беріп тұрамын. Ұнайды деп өзім ойлаймын.

Сабақ оқытып жүріп, 1 жыл көлемінде тыңдармандарын қуантуды қойған әнші, енді шығармашылығын қайта жандандырмақ. Ол бүгінде жаңа ән туындысына бейнебаян таспалауда.

Ayree, әнші:

-«Үндемедің» деген жаңа әніме бейнебаян түсіріп жатырмыз. Негізі сезімге толы, махаббат жайлы бейнебаян болады. Жүрекке жететін бейнебаян, ән болса екен, соны армандаймын.

Бұл әлі бастамам ғана деген өнер иесі, жақын уақытта бірден 2 клип түсіруді жоспарлауда. Сонымен қатар, Айри еліміздің бірнеше өңіріне және Қытайға барып, жанды дауыста ән кештерін өткізуді мақсат етіп отыр. Ал, арудың жаңа бейнебаяны маусым айында жарыққа шықпақ!