Олжас Әлжанов отау құрмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Той любой ценой» картинасында, Ақбота Сейітмағамбеттің күйеуін сомдайтын актер Олжас Әлжанов, өмірде де үйленуге шешім қабылдады. Талай арудың жүрегін жаулап үлгерген сері, сүйіктісіне ұсыныс жасаған.

Жасы 29-ға келген Олжас, отбасылық өмірден тәжірибесі барына еш күмәнданбайды. Себебі, актерге әрдайым күйеу жігіттің рөлдері бұйыратын көрінеді.

Олжас Әлжанов, актер:

-Түсірілім алаңында 7 рет үйленіп жатырмын...Өмірде үйленетін уақыт келген сияқты. Әр қазақ, әр мұсылман өз отбасын құруға дайындалу керек. Асығу керек менде сол жігіттердің қатарындамын.

Уақытым келді деп шешкен сері, күні кеше өз сүйіктісіне ұсыныс жасады. Актердің жүрегін, Аяла есімді ару жаулаған. Ол шоу-бизнестен мүлдем алшақ көрінеді. Ал болашақ жұбайлар, енді тойға қызу дайындық үстінде.