Месси бесінші мәрте «Алтын бутсы» жүлдесін еншіледі!

Сообщить о проблеме с эфиром

"Барселона" шабуылшысы Месси, Еуропа чемпионаттарының үздік сұрмергені ретінде, "Алтын бутсы" жүлдесін алмақ.

Бұл мәртебелі сыйлықтың жеңімпазы чемпионат коэффициенті мен соққан голдарын көбейту арқылы анықталады. Леонель, 2017-18 жылғы маусымдағы Испания біріншілігінің 36 матчында 34 гол соққан.

Осылайша, аргентиналық жұлдыз "Алтын бутсы" марапатын бесінші мәрте еншілеген әлемдегі жалғыз аяқдопшы атанды. Мессиден соң тек Роналду ғана «алтын бутсыға» төрт рет қол жеткізген екен.