Ең мықты – Ед Ширан! Билборд Мюзик Эвордс музыка саласының үздіктерін анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, британдық өнерпаз Ед Ширан Билбордтың пайымымен «ең үздік әртіс» атанды. Алайда, Бруно Марс, Дрейк пен Кендрик Ламарды басып озған әншінің, айтулы салтанатта өзі төбе көрсетпеді. Неліктен? Әлде, әйгілі орындаушы біреуге өкпелі ме?

Көптен күткен музыка мерекесіне келген меймандар, ең алдымен камера алдында бой түзеді. Кристина Агилера, Тейлор Свифт, Джениффер Лопез тіпті араларында оңтүстік корейлік топ BTS те бар.

Ал, Билборд марапатының көшбасшылы – сөзсіз Ед Ширан. Он бес аталымға үміткер атанған ол, «Үздік әртіс» марапатымен қоса, алты бірдей жүлдені еншіледі. Алайда, британдық өнерпаздың өзі айтулы кешке қатыса алмады...

Ед Ширан, музыкант:

-Марапат үшін көп рахмет! Дәл осы жүлдені аламын деп еш ойламған едім. Дәл қазір, араларыңда болғым-ақ келеді. Өкінішке орай, Дублиннен келе алмай қалдым.

Ал, Бруно Марс «R&B» бағытына қосқан өлшеусіз үлесі үшін бес жүлдені қолтықтап қайтса, Тейлор Свифтке әйелдер арасындағы «үздік орындаушы» аталымы бұйырған.

Әлем бойынша тыңдалымы жағынан рекорд орнатқан «Деспасито» трегі де, назардан тыс қалмады. Туынды «ең танымал ән» сынды бес бірдей жүлдені еншіледі.

Өз өнерімен Билборд кешінің көркін қыздырған Джанет Джексонды да, ұйымдастырушылар ұмытпапты. Жарты ғасыр жасаған әнші, «Икона» атты арнайы сыйлыққа лайықты деп табылды.

Джанет Джексон, әнші:

Алғысым шексіз! Соңғы кездері әйелдердің талай табсықа жетуі, оның қоғамдағы алар орнының үлкен екенін білдіреді. Теңсіздікке жол жоқ!