Star of Asia -2018! Алматыда әлемдік жұлдыздарды қосатын фестиваль

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйікті кумиріңізбен кездескіңіз келе ме?! Олай болса, асқақ армандардың орындалуы да қыр астында. Жаһандық жұлдыздарды бір сахнада тоғыстыратын жоба - #StarofAsia2018! Ал, әлемге әйгілі әртістер ән шырқайтын ауқымды шоу, қандай ерекшеліктермен ел есінде қалмақ?

«Star of Asia» – ашық аспан астындағы ірі музыкалық фестиваль. Бұл жобаның сахнасында шет елдік және отандық жұлдыздардың қатысуымен ауқымды шоу өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, айтулы музыка мерекесін, бір мезетте әлемнің 118 елі тікелей эфир арқылы тамашаламақ. Халықаралық деңгейдегі шараның алғашқы күнінде халық әндері, қазақ композиторларының шығармалары мен күйлері орындалмақ.

Фестивалmдің екінші күні, әлемге танымал әншілердің шоуына ұласады. Биылғы жыл қонақтары қатарында Севара Назархан бастаған дүниежүзіне әйгілі өнер иелері бар. Ал, кештің беткеұстар хедлайнері - Американың поп жұлдызы Аnastacia болмақ...

Екі күнге созылтын «Star of Asia -2018» музыкалық жобасына қатысатын, қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де әзірлікті бастап кеткен. Мәселен, «Мэдмен» тобы - аталмыш фестивальдің дебютанттары.

«MadMan» тобы:

- Қуаныштымыз. Себебі, шет елден әртістер келеді. Үлкен сахна, жаңа танысулар, тәжірибелермен алмасу...Осы жылы жоғары деңгейде өтеді деген сенімдеміз. Біз 100 пайызға дайындалып жүрміз. Сол жерде кездескенше! Барлықтарыңызды күтеміз!

«Star of Asia» халықаралық фестивалі маусым айының 16-сы және 17-сі күндері Медеу мұз айдыны спорт кешенінде өтеді.