Райм мен Артурдың, «БН» тобымен бірігіп түсірген бейнебаяны

Сообщить о проблеме с эфиром

Қос рэпер Райм мен Артур «Лучший» атты тректің хит болатынына сенімді. Өздерінің репертуарындағы жаңа әнді, олар БН тобымен бірлесе шырқауды жөн санаған. Жас өнерпаздардың шығармашылық тандемі, сәтті шықты ма?

Өнерге құмар қос рэпер, күні кеше «Лучший» атты әнге, БН тобымен бірігіп, жаңа бейнебаян ұсынды. Жастардың түнгі клубтағы ойын-сауығын сипаттаған клипті, жарты тәулікте 80 мыңға жуық адам тамашалаған. Ал, жас орындаушылар бұл үлкен істердің, тек басы ғана екеніне сенімді.

Raim & Artur:

-Осы «Лучший» әні, «БН» тобымен клипіміз, бір айдың ішінде 1 миллион қаралым жинайды деген ойдамыз.

«BN» тобы:

-Көрерменге ұнайды деген сенімдеміз. Өйткені бұл жеңіл ән, тез жатталатын ән!

Американдық хип-хоп орындаушы Cardi B де, өзінің кезекті тың туындысын жарыққа шығарды. «Be Careful» деп аталатын трек, әншінің дебюттық альбомына кірген. Cardi B бейнебаянда қалыңдықтың образында.

Әнші CupCakKe те, Quiz атты трегіне таспалаған клипін таныстырды. Туындыға, актер Логан Филд режиссерлық еткен. Сюжеті самурайлар ойынының желісіне құрылған бейнебаянда, әнші қыздың өзі шайқасқа түспек.