Әнші Динара Қырықбаева сахнаға қайта оралмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көптен бері жұрт көзінен алыстап қалған Динара Қырықбаева, сахнаға қайта оралуды қалайды. Әнші, соңғы үш жылдың ішіндегі алғашқы сұхбатын, арнайы біздің тілшімізге берді. Сонымен, Динара қазір қайда жүр?

Динара Қырықбаева, әнші:

-Өзім қазір күйеуге шыққанмын. Күйеудемін 3 жыл болды. Құдайға шүкір 2 балам бар, Айша деген қызым 2 жас төрт ай, және жақында ғана босандым, 5 ай, Бисұлтан деген жігіт.

Осылайша үлкен сахнаны отбасына ауыстырған Динара Қырықбаева, әзірше әсем әндерін тек бүлдіршіндеріне арнайды. Қолы-қалт етсе, әлеуметтік желіге жазба жариялауды да ұмытпайды.

Динара Қырықбаева, әнші:

-Сахнаға шықпасам да, мені ұмытпасын деп мені жанкүйерлерім инстаграмнан көріп жүрсін деп, көрсетіп жатырмын, не істеп жатқанымды, қайда барып жатқаным, қалай өзім тәрбие беріп жатқанымды қызыма-балама.

Есесіне, «инста ана» атанған Динараның оқырмандары күн санап арта түсуде. Желіде отағасы мен бүлдіршіндерінің жүзін жасырмауды жөн көретін әнші, өзінің кейбір әріптестерін түсінбейтінін айтып қалды.

Динара Қырықбаева, әнші:

-Біреулер баланың түрлеріне жануарларды қояды, смайликтер қояды. Ол дұрыс емес, көрсетпесең мүлде көрсетпе!

Ана бақытына бөленген Қырықбаеваның өнерге қайта оралуға ниетті. Әншінің бұл жоспарына жұбайы түсіністікпен қарайды.

Динара Қырықбаева, әнші:

-Күйеуге шыққанда менің жолдасым айтатын, мен саған бір жылда бір клип түсіріп беремін деген. Бірақ енді, үш жыл өтті. Мысалы, Зарина Омарова, Алсу, қанша қыздар бар, бала да туады. Сахнаға да шығады, үйде де отырады. Сондықтан, шыққым келеді.