Актриса Айым Сейітметованың, тұрмысқа шығуына анасы неге қарсы?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мына жарасымды жұпқа қарасаңыз көз тоймайды. Айым Сейітметова мен сүйіктісінің көңіл жарастырып жүргеніне, бірнеше жылдың жүзі болған. Бірақ, ғашықтардың шаңырақ көтеруіне, қыздың ата-анасы қарсы.

Айым - Азат Сейітметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Жұлдызды жанұяда дүниеге келген ару, ата-анасың жолын қуып, өнерді таңдаған. Арудың сүйгені де Вахид есімді актер жігіт. Бұл жұптың махаббат хикаясы, бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Алайда, қызының қалыңдық атануын, анасы әзірге құп көрмейді.

Данагүл Темірсұлтанова, актриса:

-Жоқ, әлі ерте! Әлі оның жасы 20-да, қайдағы?! Рұқсат бермеймін әлі. Әуелі оқуын бітірсін. Әлі үшінші курста. Оқуын да бітірген жоқ!

Соңғы уақытта, Сара Амангелді де бейтаныс серімен түскен суреттерін, желіге жиі жүктеп жүр. «Кешьюдің» экс-әншісі бұл қадамын оқырмандарын қызықтырудың тәсілі деп түсіндірді. Бірақ, 23 жастағы ару шын ғашығы жолықса, тұрмыс құруға тас-түйін дайын.

Сара Амангелді, әнші:

-Ааа, ол деген бір интрига ғой. Кейде бізде де болып қалады ғой. Біз де қыз болғаннан кейін... Мүмкін мен бір аптадан кейін, біреуге ғашық болып қалатын шығармын. Ол кісі айтатын шығар: «Бір айдан кейін мен сені аламын» - деп. Мен одан қашпаймын. Егер де мені сүйіп, менің ата-анама ұнап жатса, мен шыға саламын!

Ал, инстаграм жұлдызы Анар Батырханның болашағына фолловерлері қатты алаңдаулы. Оған оқырмандары отызға дейін отырып қалмау керектігін күнде ескертеді екен. Алайда, мұндай кеңестің түр-түрі, 26 жастағы актрисаның қытығына тиетін көрінеді.

Анар Батырхан, актриса:

- Инстаграмда көп жазады. Байға тисеңші, адамдар сенің жасыңда бала тауып, бала бағып жатыр. Үш бала бағып жатыр. Сен болсаң әлі жүрсің... Бәрі уақытымен. Сендердің не жұмыстарың бар?

Қыз бала қонақ! Бұл бұрымдылардың ертелі-кеш қалыңдық атанары хақ! Сұлулар жүрегінің жартысын кездестірсе, «РЕВЮ» той қуанышына ортақтасуға әрдайым әзір!