Уилл Смит әншілікке бет бұрды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық танымал жұлдыз Уилл Смит те, футболдан өтетін әлем чемпионатына арнап ән жазуда! Ол актерлық мансабына дейін, танымал рэп орындаушылар санатында болған екен. Енді, жастық шабыты қайта оянған Уилл, музыка әлеміне оралмақ!

Осыдан 13 жыл бұрын Уилл Смиттің, ең алғашқы әнжинағы жарық көрген еді. Музыкаға жаны жақын актерға, футболдан Ресейде өтетін әлем чемпионатына арналған дәстүрлі әнұранды орындау құрметі бұйырған. Оған, Ники Джем мен албандық әнші Эра Истрефи қолдау көрсетпек.

***

Актриса Нина Добрев өзінің кезекті рөлімен жанкүйерлерін қуантты. Ол «Отбасы» атты комедиялық туындыда, басты кейіпкерді сомдайтын көрінеді. Ару, «Комотозшылар» және Вин Дизельдің «Үш Икс» сынды картиналармен танымалдыққа ие болған еді.

***

Cardi B, жеке табынушыларын әлеуметтік желіге қайта оралуымен қуантты. Ол өзіне бағытталған балағат пікірлерге шыдамай, инстаграм парақшасын өшіріп тастаған болатын. Бірнеше айдан кейін, қайта қосылған Карди, енді тек шығармашылық жұмыстарымен ғана бөлісуді жөн санапты.