Сергелдеңге толы сессия! Сабаққа қатыспаған «Асыл» тобының әншісі оқудан шықпақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыз болудың бағасы сан-алуан! Мысалы, «Асыл» тобындағы Райханға – ұстаздары «Оқу әлде мансап» деген талап қойған. Ұжымның тығыз жұмыс кестесі - қобызшы қыздың сабақтан жиі қалуының себепшісі екен... Енді, сергелдеңге толы сессия, студент аруды әбден әбігерге салуда.

 «Асыл» тобының әншісі Райхан – Өнер академиясының 2 курс студенті. «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша білім алып жатқан аруды, сессияның уақыты әуре-сарсаңға салатын көрінеді. 

Райхан Біржанқызы, «Асыл» тобының әншісі:

 Кішкене енді қиындау болып тұр. Уақытқа байланысты, мұғалімдеріміз де қырсығып қалып жатыр, сабақ жібергеніме қарай.  Таңертең басқа қаладан ұшып келсек те, ұйықтамай сабаққа барып, қыздар біледі. Презентациямды жасап, дайындалып барамын. Енді оңай емес. 

«Мунлайттық» музыканттар да өнер академиясының шәкірттері. Шығармашылық пен сабақты қатар алып жүрудің қиындығын, олар да жақсы біледі.

Аңсат Ділдабай, «Moonlight» тобының әншісі:

Сессия бітті. Барлығы жақсы өтті. Биыл кішкене қиындау болды. Мүмкін 4-ші курсқа өтіп жатқаннан соң шығар. Бірақ, аса қатты ауыр болды деп те айта алмаймын.

«Мэдмэн» тобының жігіттері де студент. Өнер колледжінде оқитын серілер, алдағы сессиядан сүрінбейтіндеріне сенімді.

«Madman» тобы:

 Мен қазір шығармашылықта музыкамен жүрмін. Колледжде де сол мамандықты оқып жүрмін. Оңай болып жатыр. Себебі, барлығы маған таныс бағдарлама.  Грантта оқимын. Степендиядан айырылып қалған жоқпын. Сол құламауға тырысамын.

Таяуда студенттік өмірмен қоштасатын жұлдыздар да жетерлік. Мәселен, «Кешьюлік» Назым Әбілдина, музыкалық колледждің түлегі атанса, «Рензо» тобының жаңа мүшесі Дәулет те, осы жылы диплом алады.