The Weeknd жаңа туындысы арқылы қыздар қауымынан кек алмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Каналадық әнші The Weeknd, Belly мен бірігіп жаңа бейнебаян ұсынды. «Менен не қалайсың?» деп шырқаған музыканттар, қыздарға деген реніштерін жеткізген. Ал, жігіттердің жаңа трегі, тыңдармандарының көңілін қаншалықты жаулай алады?

«What You Want» деп аталатын трекке бейнебаян таспалаған, The Weeknd пен Belly, алғаш рет дуэт орындады. Қос өнерпаз, осылайша арулардың жүрегін жауламақ ниетте! Себебі, аталмыш ән тек нәзік жандыларға арналған. Бұл музыкалық туынды, Уикендтің жаңа альбомына да кірмек.

Деми Ловато британдық Clean Bandit тобымен, «Solo» әніне түсірген клипті жарыққа шығарды. Жастардың бір күндік өмірі жайлы ән, Ұлыбритания чарттарында үздік ондыққа еніп үлгерген.

«Время и Стекло» тобы да, өздерінің тың тректерін шығарды. «Е, Бой» аталатын бейнебаян, 12 сағаттың ішінде, 1 млн-нан астам қаралым жинаған.

Украиндық әнші Ани Лорак та, «Сумашедшая» әніне таспалаған туындысын таныстырды! Жазғы көңіл-күй сыйлайтын клипте, жұлдыз ғашығымен саяхатқа аттанады. Басты кейіпкерді – ресейлік актер Гамзат Лугуев сомдап шыққан.