«Самая вышка» - плагиат!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұртас Адамбайды соңғы уақытта «Самая вышка» трегі, сары уайымға шындап салды. Режиссердың «Я -жених» комедиясына саундтрек ретінде таңдалған туынды, плагиат болып шыққан. Алғашында клипті ютубтан өшіретінін айтқан актер, кейін бұл ойынан бас тартыпты. Демек, мәселе шешілген сыңайлы.

Иә, «Самая вышкаға» қатысты дауға нүкте қойылды. Алғашқыда авторлық құқық мәселесіне бас қатырмаған Адамбай, шу шыққан шақта ғана танымал тректің лицензиясын сатып алды. Желіде дәл осылай жазба қалдырған Нұртас, әнді Артур мен Райымға ресми түрде сыйға тартқан. Ал, біздің елде белең алған плагиат мәселесіне қатысты, әншілер қауымы не дейді?

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

-Плагиат деген ол өзге мемлекеттің әнін алады. Біздің әншілер көбінесе солай жасайды. Ол ән әбден хит болып, халыққа сіңген ән. Оны алады да, қазақша сөз жаздырып, бейнебаян шығарып ол хит болады. Ол хит болып жатады біздің елде де!

Отандық шоу-бизнестегі кез-келген орындаушының репертуарына, көшірме әуенді табасыз! Мәселен, Жігер Ауыпбаевтың әнқоржынында өзбектің де, армяндық сазгердің де авторлық туындылары бар.

Жігер Ауыпбаев, әнші:

-Қазір бізде бір шет елдің әнін айтса болды, бәрі сол плагиатқа кетіп жатыр ғой. Плагиат деп сондай ұғымды қалыптастырып алған. Негізінде шығармашылық алмасу деген бар. Онымен плагиатты шатастыруға болмайды.

Ал, Нұржан Керменбаевтың өнердегі ұрлық-қарлыққа әлдеқашан еті үйренген.

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Нотаның арасынан шет елдік дүниелерді тауып ала беруге болады. Өйткені нота бар-жоғы жетеу-ақ. Сондықтан, оған қатты бас ауыртпаймын. Менің де әндерімді ұрлап жатты, қырғыз елінде айтып жатты.

Десек те Нұртас інілеріне ізет жасады. Артур мен Райымның, ағалық қамқорлығын аямаған Адамбайға алғыстан басқа айтары жоқ!

Raim & Artur

-Әрине, үлкен рахмет айтамыз. Үлкен рахмет! Өмірімізді жүз сексен градусқа өзгерткен сол кісі деп айтуға болады.